барлық жаңалықтар
4 наурыз 2025 Оқиғалар#NUstudents

NU – кішігірім БҰҰ

NU – кішігірім БҰҰ

4 наурыз 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

28 ақпанда NU-да Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған Мәдени алуан түрлілік фестивалі өтті.

Шараның ұйымдастырушылары: NU Халықаралық студенттер қауымдастығы мен Дипломнан кейінгі бағдарламалар студенттерінің одағы. Жалпы NU-дың түрлі бағдарламаларында 35 елден келген студенттер білім алуда, ал университет оқытушылары 52 елден жиналған. Әркім – өз елінің мәдени агенті, дейді Арай Саниязова, NU-дың Интернационализациялау департаментінің халықаралық студенттер және мамандармен жұмыс жөніндегі жетекшісі: «World on Wednesday шарасының арнайы кездесуі Қазақстан халқы ассамблеясының 30-жылдығына арналған. Ассамблея – құшағына 120 этникалық топты сыйдыра алған дархан даламыздағы бірліктің ерекше моделі. Біздің оқу орнымызда білім алып немесе жұмыс істеп жатқан шетелдіктерге Nazarbayev University-ді таңдап, осындағы халықаралық қауымдастықтың маңызды бөлігі ретінде білім мен ғылымның дамуына ат салысып жүргені үшін шын жүректен алғыс айтамын».

Университеттің студенттер ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Кадиша Дайырова өз сөзінде университет қабырғасындағы мәдени алмасудың маңызы туралы айтып, NU-ды кішігірім БҰҰ деп атады.

«2010 жылы университет есігі бірінші рет ашылған кезде біз шетелдік студенттерді тарту туралы армандайтын едік. Бүгінде оқу орнында түрлі елден келіп, білім алып жатқан 215 студент оқиды, бұл көрсеткіш одан әрі өседі деп сенеміз. Қазақстан – көп ұлтты ел, Nazarbayev University – осы алуан түрліліктің бірден-бір көрінісі. Бізді БҰҰ-ның кішігірім моделі деп те атап жатады. Ойлап қарасаң, бұл – шындық», — деді К. Дайырова. 

Ассамблея жанындағы «Ассамблея жастары» бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев аталған іс-шараның құрметті қонағы болды. Ол Ассамблеяның жастармен жұмыс жөніндегі тармағының құрамында Қазақстан бойынша 10 мыңнан адам бар екенін айтты. Сондай-ақ жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар туралы толығырақ мәлімет беріп, NU студенттерін бірлістікке қосылуға шақырды.

«2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған “Ассамблея жастары” осы уақытқа дейін 3 мыңнана аса шара өткізіп үлгерді. Сонымен қатар еліміз бойынша 50 университет пен колледжде жұмыс істейтін студенттік ассамблеялар да жақсы дамып жатыр. Бұл бастамалар студенттер арасындағы өзін-өзі басқару жүйесін дамытып, шетелдік студенттерді Қазақстанның бай мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік береді. Nazarbayev University-ді студенттік ассамблеялар желісіне қосылуға шақырамын», — деді ол.

Әрі қарай таланттар шоуы өтті, онда шетелдік студентер өз елдерінің мәдениетін таныстыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ студенттер ұйымдастырған көрме туралы ерекше айта кету керек, ол жерде шетелден келген білім алушылар өз елдерінің ұлттық киімін киіп, ұлттық аспаптарда ойнады. Осылайша, көрермендер түрлі елдердің мәдениетін өз көздерімен көріп, танысты. Шара соңында марапаттау рәсімі өтті, онда ең белсенді студенттер марапатталды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар