барлық жаңалықтар
23 мамыр 2025 #NUstudents

SLL конференциясында студенттердің ең үздік эко-жобалары таныстырылды

SLL конференциясында студенттердің ең үздік эко-жобалары таныстырылды

23 мамыр 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

SLL бағдарламасын Chevron компаниясының қолдауымен NU Тұрақты даму офисі жүзеге асырады.

2025 жылғы 20 мамырда NU-да Sustainability Living Lab (SLL) бағдарламасының қорытынды конференциясы өтті. SLL — бұл студенттерді тұрақты даму мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тартатын университетаралық бағдарлама. 

8 үздік жобалардың төртеуін NU студенттері жасаған. Олар - жасыл сутегі өндіру технологиясы, кампустағы тұрақты велоқозғалыс жүйесі, автоматтандырылған суару жүйесі, кофей гущасынан жасалған құрылыс кірпіштері. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері екі жобаны ұсынды:  күн энергетикасы бойынша білім беру платформасы және биологиялық ыдырайтын бірреттік ыдыс. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің ең үздік жобасы қой жүнінен және макулатурадан органикалық тыңайтқыш, ал Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен пластик пен қағаз қалдықтарынан жасалған құрылыс материалдары болды.

Конференция аясында сарапшылар дәрістері, Astana Business Campus ұйымдастырған стартап-акселерация шеберлік сабағы, Climate Fresque ойыны және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) полигонына экскурсия өтті, онда қатысушылар күн және жел энергиясын қолдану технологияларымен танысты.

2019 жылдан бастап бағдарлама Қазақстанның 12 университетінен 1000-нан астам студентті қамтып, 80-нен астам студенттік экожобаны қолдады. 

 

Ұқсас жаңалықтар