
13 мамыр 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз2025 жылғы мамыр айында университеттің Scopus журналдарында жарияланған материалдары саны 10 мыңнан асты, бұл оқу орнының Орталық Азиядағы зерттеу жұмыстары локомотиві екенін тағы бір растайды.
NU ғалымдарының бірінші материалдары 2011 жылы жарияланған болатын, ол кезде тек 7 мақала болған. Екі жылдан кейін олардың қатары жүзден асып, 2020 жылы мыңнан асты, ал 2024 жылы мың жарым болды. Биыл да беделді журналдарда жарияланатын ғылыми жұмыстар саны көп болады деп күтіледі. 15 жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың жұмыстарына жүгіну көрсеткіші 162 мың болды, яғни, орташа алғанда бір жұмысқа басқа ғалымдар 16 рет жүгінген. Мақалалардың басым бөлігі (57,3 пайыз) Q1 рейтингінде бірінші орын алатын журналдарда жарияланды, ал төрттен бірі (28,1 пайыз) – үздік 10% қатарындағы журналдарды жарияланған.
NU президенті Вакар Ахмад бұл туралы: «NU-дың негізін қалаушылар халықаралық деңгейдегі университет құруды армандады, ол оқыту, ғылыми зерттеулер және білім алмасу бойынша өңірдегі басқа оқу орнындарынан асып түсуі керек еді, сондай-ақ Қазақстандағы және жалпы өңірдегі ғылыми дамудың қозғаушы күші болуы тиіс еді. Бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әлі де көп нәрсе істеуіміз керек, алайда осы уақытқа дейін де біраз мақсатымызға жеттік. NU-дағы білім беру бағдарламалары — халықаралық деңгейде. Азия елдері университеттері альянсына өңірдің басқа да мықты оқу орындарымен қатар мүшелік етуіміз, әлем бойынша ең мықты университеттермен орнатқан ынтымақтастығымыз — NU-дың жасына қарамай, өзін мықты әрі беделді ретінде таныта алғанының дәлелі», — деді.
Жыл сайын NU-да қазақстандық оқытушылар үлесі артуда. Университет құрылған кезде профессор-оқытушылар құрамының тек 10%-ы ғана қазақстандықтар болса, бүгінде қазақстандық ғалымдар қатары үш есе артты. Университет мақсаттарының бірі — студенттерді ғылыми жұмыстарға тарту, сол себепті мықты профессорлармен бірлесіп, бакалавриат пен магистратура студенттері де авторлық бөлісуде.
NU президенті оқу орнының шетелдік үлгілерді көшірмей, тек қазақстандық модель бойынша құрылған бірегей мекеме екенін атап өтті, ол Қазақстанды және өңірді дамытуға ұмтылады.