
13 наурыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU ассистент профессоры Дана Алина жетекшілік ететін «Ғылымдағы әйелдер» клубы Халықаралық әйелдер күніне орай ғылыми-зерттеу плакаттарының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Зерттеу постер көрмесі – бұл ғылыми зерттеулер бір уақытта бірнеше бөлімдерде постер форматында ұсынылатын динамикалық және интерактивті іс-шара.
Ол мәдени антропология, Еуразиятану, медицина, экология, математика, ядролық физика, оптика, астрофизика, есептеу физикасы және жасанды интеллект сияқты түрлі саладағы студенттердің басын қосты. Оған бакалавр мен магистранттар қатысты. Әрбір презентация сұрақтар мен талқылауға ұласып, қатысушыларға презентация жасау дағдыларын жетілдіруге және құнды пікірлер алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тындаушылар – НЗМ, физика-математика мектептері мен NU Foundation студенттері мен оқушылары – зерттеу тақырыптарымен танысып, авторларымен тілдесуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар профессор Майкл Гуд өзінің банкноттарды жинау хоббиі туралы айтып, әртүрлі елдердің банкноттарында бейнеленген әйел ғалымдар туралы қызықты презентация жасады.
Іс-шара ғылымдағы әйелдер туралы интерактивті викторина және жас зерттеушілер өздерінің қиындықтарымен бөлісіп, ғылыми қауымдастықтың күшті қолдауын сезінген дөңгелек үстелмен аяқталды.
Суретер: NU Image