барлық жаңалықтар
13 қараша 2024 #Оқиғалар##NUnews

NU жоғары білім саласындағы гендерлік және әлеуметтік теңдікті қолдайды

NU жоғары білім саласындағы гендерлік және әлеуметтік теңдікті қолдайды

13 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU оқытушылары мен студенттері «Академиялық ортада гендерлік кемсітушілікті талқылау үшін кофе ішуге» жиналып, гендерлік теңдік және кемсітушілікпен күрес тақырыбын талқылады.

NU президенті профессор Вакар Ахмад академиялық қоғамдастықты гендерлік теңдікті қолдап, сақтауға шақырды.

«Теңдік пен әртүрлілік кез келген әділ әрі табысты ұйым үшін маңызды. NU бұл жолда саясаты бойынша да, тәжірибесінде де басқаларына үлгі болуы тиіс. Басқа оқу орындары сияқты бізге де әр адам қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсіп-өнуі үшін жағдай жасау керек. Гендерлік және әлеуметтік теңдік – әр адамның таңдауы», — деді ол.

Профессор Ахмад NU-дың Анти-харассмент комитетінің маңызын атап өтті, ол, өз кезегінде, проблемалық мәселелерді анықтап және шешіп, сондай-ақ барлық қоғамдастық талқылауына маңызды сұрақтарды шығарады. Оған қоса президент Теңдік пен әртүрлілік жөнінде бөлімше құрылатынын жариялады, ол университеттің барлық мүшесі үшін қолайлы орта қалыптастырумен айналыспақ.

Кездесу кезінде NU-да гендерлік ара салмақ бойынша жағдай жақсы екені айтылды, атап айтқанда, ол Ұлыбританиядағы көрсеткіштерден едәуір жақсы. Дегенмен университет одан жоғары деңгейлердегі гендерлік ара салмақты теңестіруі керек – оқытушылар құрамының тек 35%-ы ғана – әйелдер. Сондай-ақ қатысушылар бұл іске ерлерді тарту керегіне тоқталды – себебі гендерлік теңдікті орнату тек қана әйелдердің жұмысы емес.

Ұқсас жаңалықтар