барлық жаңалықтар
26 желтоқсан 2024 #Ғылым##NUnews

NU және NLA ғалымдары мемлекеттік сыйлықтар пен ғылыми стипендияларға ие болды

NU және NLA ғалымдары мемлекеттік сыйлықтар пен ғылыми стипендияларға ие болды

26 желтоқсан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы конкурстық комиссиясы Қазақстан ғалымдарына ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды және ғылыми стипендиялар тағайындады.

Барлығы 80-нен астам адам, оның ішінде Nazarbayev University (NU) мен Ұлттық зертхана Астана (NLA) ғалымдары марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік зерттеуі үшін Қ.Сәтбаев атындағы мемлекеттік ғылыми сыйлық профессор Жұмабай Бәкеновке және оның ғылыми тобына тағайындалды. Топ құрамында Айшуақ Қоңұров, Арайлым Нұрпеисова, Әлия Мұқанова және Нұржан Өміров бар.

Қауымдастырылған профессор Ғалымжан Наурызбаев жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік зерттеуі үшін жас ғалым ретінде Д.Қонаев атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Сондай-ақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша профессорлар Ерлан Аманбек, Сұлтанғали Арзықұлов, Сабина Інсебаева, Гүлсім Күлшарова, оқытушы Жаннат Ашықбаева және жетекші ғылыми қызметкер Аяулым Белгібаева жас зерттеушілерге берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлері атанды. Бұдан бөлек, бұрынғы ғылыми қызметкер, постдокторант Айнұр Алмұхамбетова педагогика саласындағы үздік зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.

Ғалымдарды құттықтаймыз және оларға зерттеу жұмыстарында табыс тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар