24 желтоқсан 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU мен Лидс университеті (University of Leeds) арасында кең ауқымды стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа NU президенті доктор Вакар Ахмад пен Лидс университетінің проректоры профессор Хай-Суй Ю қол қойды.
Серіктестік бірлескен зерттеу жұмыстарын, конференциялар мен симпозиумдарды, кәсіби тұрғыда дамуды, студенттердің тәжірибе алмасуын, қос диплом беруді және бірлесіп докторлық диссертация жазуды қамтиды. Қазірдің өзінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды дамыту туралы уағдаластықтар бар, болашақта ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау, инженерия, физикалық және биологиялық ғылымдар, сондай-ақ медицина мәселелерін қамтымақ.
Сонымен қатар Лидс университеті NU-ды Тіл және аймақтану (еуразиялық зерттеулер) бағытының студенттері үшін шетелде оқуға мүмкіндік беретін негізгі серіктесі ретінде қарастырады.

Лидс университеті – британиялық зерттеу университеті және Рассел тобының негізін қалаушылардың бірі. Ол әлемдегі Times Higher Education рейтингі бойынша әлемдегі ең мықты университеттер қатарында – 123-ші және QS рейтингінде – 82-ші орында.
Бұған дейін профессор Мануэль Барсия, Лидс Жаһандық өзара әрекеттесу деканы, және Клэр Малхолланд, Халықаралық серіктестерді дамыту және өзара әрекеттесу бөлімінің бастығы бірлескен бағдарламаларды, оқытушылардың тәжірибе алмасуын және зерттеу мүмкіндіктерін талқылау үшін NU-ға келген болатын, ол кезде Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі негізгі бағыт ретінде қарастырылған. Қараша айында Лидс университеті NU-ды өзінің «Стратегиялық серіктестер» тобына қосылуға шақырды. Желтоқсан айында академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост профессор Лоретта О’Доннелл Лидс университетінде өткен стратегиялық серіктестер конференциясына қатысты.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025