барлық жаңалықтар
29 мамыр 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

NU ЮНЕСКО-ICHEI және Қытайдың SUSTech университетімен ыңтымақтастық орнатты

NU ЮНЕСКО-ICHEI және Қытайдың SUSTech университетімен ыңтымақтастық орнатты

29 мамыр 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Тараптар білім беру саласындағы серіктестікті дамытуға және ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибе алмасуға бағытталған меморандумға қол қойды.

2023 жылғы 29 мамырда Назарбаев Университеті, ЮНЕСКО жанындағы Жоғары білім берудегі халықаралық инновациялар орталығы (ЮНЕСКО-ICHEI)  және Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (SUSTech) ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

ЮНЕСКО-ICHEI делегациясы Орталық Азияға сапармен алғаш рет келді. Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу кездесуге қатысқан UNESCO-ICHEI атқарушы директорының орынбасары Хан Вэй ханым мен онлайн режимінде қосылған SUSTech вице-президенті Лу Чунды жылы қарсы алды. Президент Катсу қонақтарға Назарбаев Университетінің жетістіктері мен стратегиялық жоспары мен даму бағыттары туралы айтып берді.

Қол қойылған үшжақты келісім білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және ғылыми-зерттеу қызметінде тәжірибе алмасуға бағытталған. Атап айтқанда, жетекші қазақстандық және қытайлық университеттердің бірі және ЮНЕСКО жанындағы Жоғары білім берудегі халықаралық инновациялар орталығы оқу бағдарламаларын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жасауға келісті.

Профессор Хан Вэй NU сияқты флагмандық университетпен сапалы серіктестік орнатуға үмітін білдірді. Директор орынбасарының ойынша, бұл ыңтымақтастық Қазақстандағы жоғары білімнің цифрлық трансформациясын дамытуға серпін бере алады. Профессор Хан Вэй ЮНЕСКО-ICHEI микросертификаттау арқылы университет оқытушыларының кәсіби дамуына жәрдемдесу жобасын жүзеге асырып жатқанын және НУ-дан әріптестерді маусым айында өтетін ЮНЕСКО-ICHEI микросертификаттау жобасының жаһандық іске қосылуына және IIOE жаһандық көшбасшылық саммитіне қатысуға шақыратынын ерекше атап өтті.

SUSTech вице-президенті, профессор Лу Чун өз университетінің жетістіктері туралы айтып, Назарбаев Университетімен кең серіктестік орнатуға үмітін білдірді. Ол сондай-ақ, Оңтүстік ғылым және технология университетінің Назарбаев Университеті сияқты 2010 жылы құрылғанын және екі ЖООның бірдей ауқымды стратегиялық мақсаттары бар екенін атады.

Тараптар қол қойылған меморандум бірдей тиімді болатынына және Азиядағы жоғары білімнің әлеуетін кеңейту ретінде өз жемісін беретініне сенімді. Кездесуден кейін қонақтарға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

UNESCO-ICHEI және SUSTech туралы:

ЮНЕСКО (ЮНЕСКО-ICHEI) жанындағы Жоғары білім берудегі халықаралық инновациялар орталығы 2016 жылы 8 маусымда құрылды. Орталық білім беру саласындағы дүние жүзіндегі ЮНЕСКО-ның ІІ санатты 10-шы мекеме және Қытайдың жоғары білім саласындағы бірінші ЮНЕСКО-ның ІІ санатты мекемесі болып табылады. ЮНЕСКО-ICHEI жұмысы БҰҰ SDG 4 – Білім беру саласымен тығыз байланысты. Ұйым жоғары оқу орындарында цифрландыруды ілгерілету тәсілі ретінде онлайн және аралас оқытудағы әлеуетін күшейту үшін әртүрлі елдердің жетекші университеттерімен ынтымақтастық арқылы сапалы және тең білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.

Оңтүстік ғылым және технология университеті (SUSTech) Қытайдың жоғары білімін бірінші дәрежелі халықаралық зерттеу университетіне айналдыру мақсатында 2010 жылы технологиялық астанасы Шэньчжэньде құрылған. 13 жыл ішінде SUSTech Қытайдағы ғылыми-технологиялық академиялық зерттеулердің маңызды эпицентріне айналды.

Ұқсас жаңалықтар