(берілмеген)
Осы мақаламен бөлісіңізNU мен StartX қол қойған ынтымақтастық меморандумы Кремний алқабының жаһандық қауымдастығына жол ашты.
Орталық Азияның үш стартапы әлемдегі ең инновациялық Стэнфорд университеті қауымдастықтың бір бөлігі болды. Олардың қатарында - беделді Stanford Accelerator StartX таңдауынан сәтті өткен NU түлектері Болат Сұлтанқұлов пен Дәукен Сейітқалидың стартапы Arlan Biotech.
StartX – үш декакорн мен 16 бірмүйізді өсірген әлемдегі ең мықты қауымдастықтардың бірі. Стартаптардың жалпы құны 26 миллиард долларды құрайды. Оның мүшелері тез өсу үшін тәлімгерлікке және ресурстарға өмір бойы қол жеткізе алады.
Кремний алқабының жаһандық қауымдастығына кіру оңай емес. Дегенмен, бұл NU мен StartX арасындағы 2022 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумнан кейін мүмкін болды. Сондай-ақ NU дамыған инновациялық және зерттеу ортасы да көмектесті. Стартаптарды іздеумен және бастапқы іріктеумен NU-дың Astana Business Campus және Jas Ventures айналысады.
Стартаптың негізін қалаушы Болат Сұлтанқұлов биомедициналық инженерия мамандығы бойынша NU PhD дәрежесін алды. Оның серіктесі Дәукен Сейітқали 2017 жылы NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебін бітірген. Олардың стартапына періштелік инвестиция арқылы NU Әлеуметтік даму қоры, Young Researchers Alliance и Jas Ventures қаржылай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Дәукен Сейітқали NURIS инновациялық кластерінде акселерациядан өткен болатын.
"Акселерация кезінде мен бизнес-ойлау және маркетинг туралы көп білім алдым, нетворкинг пен ресурстарға қолым жетті. Мұнда мен биотехнолог Болат Сұлтанқұловпен танысып, жасанды интеллект көмегімен наноденелерді әзірлеу бойынша ұқсас стартапқа ие екенін білдім. Сөйлескеннен кейін біз бірге Arlan Biotech - наноденелерді жасау үшін жасанды интеллектті дамытуды шештік. StartX жазғы бағдарламасына қатысу біз үшін Штаттарда өзімізді көрсетуге және сол жерде жобаны кеңейтуге тамаша мүмкіндік. ЖИ және Биология өте өзекті тақырып. Біз жаңа наноденелер мен антиденелерді жобалау үшін Generative AI әзірлеуінде өзімізді көрсеткіміз келеді. Бізде ЖИ-ды оқытуға арналған ең үлкен деректер жиынтығы (Data Set) бар және жақын арада Стэнфорд қабырғасында және Штаттарда табысқа жетіп, стартапты келесі деңгейге көтереміз деп үміттенеміз", - деді Даукен Сейткали.
Дубайда және Astana Hub-та акселерация тәжірибесі бар команда өршіл мақсаттар қояды. Arlan Biotech командасы биотехнология саласындағы жасанды интеллект бойынша әлемдегі үздік 5 компанияның қатарына кіруді көздеп отыр. Олардың технологиясы фармацевтикалық компанияларға аутоиммундық аурулар мен қатерлі ісіктерді емдеуге арналған препараттарды жасауға көмектеседі.
"Біз StartX-тен өткенімізге, Стэнфордқа келгенімізге және халықаралық деңгейде танылған акселерация бағдарламасынан өткенімізге өте қуаныштымыз. Біз ABC және NU-ға осындай мүмкіндік бергені және Қазақстанның стартаптары үшін осындай мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Біз Қазақстанды жоғары деңгейде таныстырамыз деп үміттенеміз", - деді Болат Сұлтанқұлов.
Сондай-ақ, StartX жазғы бағдарламасына интеллект көмегімен эксклюзивті тапсырыс бойынша дербестендірілген кітаптар жасайтын MyStory қырғыз стартапы өтті. Үшінші женімпаз - Қазақстандық стартап ЖИ негізіндегі жаһандық суретшілер кітапханасы GlobalArt.AI.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025