барлық жаңалықтар
30 қыркүйек 2025 ##NUgoesGLOBAL

NU Times Higher Education Әлемдік академиялық саммитіне қатысады

NU Times Higher Education Әлемдік академиялық саммитіне қатысады

30 қыркүйек 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU Times Higher Education Әлемдік академиялық саммитіне қатысады.

Nazarbayev University (NU) Times Higher Education ұйымдастыратын Әлемдік академиялық саммитке серіктес ретінде қатыспақ. Бұл – университеттердің прогресс пен өзгерістерге қалай серпін бере алатынын талқылайтын жетекші жаһандық алаң. Саммит 7–9 қазан аралығында Сауд Арабиясының Тувал аймағында өтеді. Саммит аясында әлемдік сарапшылар, индустрия өкілдері мен саясаткерлер жоғары білімнің жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі оң өзгерістерге ықпал ету мүмкіндіктерін қарастырады.

NU президенті, профессор Вакар Ахмад 8 қазанда Сауд Арабиясындағы Тувал қаласында орналасқан Король Абдулла атындағы ғылым және технология университетінде (KAUST) «Жібек жолдарынан білім жолдарына» атты нетворкинг-таңғы асын өткізеді. Онда ол NU-ды инновацияларға жол ашатын, ұлттық дамуға үлес қосатын және әлемдік деңгейде белсенді әрекеттесетін заманауи жас университет үлгісі ретінде таныстырады.

Өтетін орны: KAUST (Король Абдулла атындағы Ғылым және Технология Университеті), Тувал, Сауд Арабиясы, 20-қабат, 2011-бөлме
Күні мен уақыты: 8 қазан, сағат 08:15–09:15 (GMT +3)

Кездесу барысында қатысушылар университеттердің жаһандық сапаны жергілікті маңыздылықпен үйлестіру тәжірибесін, сондай-ақ ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылайды.

Басты тақырыптар:

- жаһандық бәсекеге қабілеттілік пен өңірлік маңыздылықты теңестіру;
- нақты өзгерістерге жетелейтін ынтымақтастық;
- болашақты қалыптастырудағы жас университеттердің рөлі.

Ұқсас жаңалықтар