26 сәуір 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз500 адам қатысты, 250 ағаш отырғызылды
Бүгін Nazarbayev University-де республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Clean Up Day іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлерден құралған шамамен 500 адам қатысып, университет аумағы қоқыстан тазартты.
Clean Up Day іс-шарасы — тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы университеттің жүйелі бастамаларының маңызды бөлігі. Іс-шара барысында қалдықтарды сұрыптау ерекше көңіл бөлініп, университет аумағында 250 ағаш отырғызылды.
Clean Up Day сондай-ақ, кампус инфрақұрылымының экологиялық тиімділігін арттыруға және тұрақты даму саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған Green Campus бастамасын дамытудағы NU ұстанымының айқын көрінісі.
Іс-шараның ашылуында NU Президенті Вакар Ахмад мұндай бастамалардың профессорлар, студенттер мен қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті. Атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов NU «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылып, елорда мен бүкіл елдің өркендеуіне өз үлесін қосып жатқанын айтты.
NU алдағы уақытта да экологиялық жауапкершілікті арттыру және тұрақты даму бастамаларын қолдауды жалғастыра бермек.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025