11 мамыр 2023
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде.
Елордада өткен Азия университеттері Альянсының форумы аясында оқу орны бірден 2 келісім шартқа, яғни Малайзия университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға және Цинхуа университетімен "студенттермен алмасу туралы шартқа" қол қойды.
Малайзияның ең көне әрі беделді университетімен ынтымақтастық келісімі студенттермен, академиялық және әкімшілік қызметкерлермен алмаса отырып бірлескен зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Кездесуде Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу шағын және орта бизнес өкілдеріне инновацияларды енгізу және нақты деректер негізінде шешім қабылдау үшін компаниялармен қалай ынтымақтасуға болатынына тоқталды.
"Назарбаев Университетінің дамуы меритократия қағидатына негізделген. Оқуға түсушілерге қойылатын талап өте жоғары. Сондықтан бізде оқитын студенттердің деңгейі, білімі ерекше. Бұл ретте студенттердің 30%-ы Қазақстанның әлеуметтік осал отбасыларынан шыққанын атап өткім келеді. Біз бұл студенттерді мақтан тұтамыз", - деп атап өтті Шигео Катсу.
.jpg)
Бір ғасырдан астам тарихы бар Малайзия университеті – аталмыш елдегі жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Білім ордасында 30 мың студент оқиды, оның 6000-ы шетелдік. Университеттің Вице-канцлері доктор Мохд Хамди Абд Шукор университеттің мүмкіндіктері туралы, атап айтқанда елдегі ең үлкен деп саналатын медициналық кластер туралы айтты.
"Біз студенттеріміздің Астанаға келіп, Назарбаев Университетінде академиялық тәжірибе жинақтап, жаңа мәдениетпен танысқанын қалаймыз. NU-да білім ағылшын тілінде берілуі ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Біз аталмыш оқу орнымен студенттік алмасулар мен ғылыми өзара іс-қимылды асыға күтеміз", - деп атап өтті меморандумға қол қою рәсімінде доктор Мохд Хамди Абд Шукор.
Назарбаев университетінде 2015 жылдан бері американдық медициналық білім беру жүйесіне негізделген Қазақстандағы ағылшын тіліндегі алғашқы медициналық білім беру бағдарламасы жұмыс істеп тұр. NU Медицина мектебі бүгінде клиникалық тәжірибеге іргелі ғылымның жаңалықтарын енгізу мақсатында халықаралық серіктестермен (Питтсбург Университетінің Медицина мектебі), ғылыми орталықтармен (NU жаратылыстану ғылымдары орталығы) және ауруханамен (University Medical Center) бірлесіп биомедициналық зерттеулердің кешенді бағдарламасын әзірлеуде. Сондықтан оқу орнының медициналық сектордағы ынтымақтастығы ерекше әлеуетке ие, деп атап өтті тараптар. Меморандум 4 жылға жоспарланған. Әрі құжатты ұзарту мүмкіндігі бар.
.jpg)
Ал Қытайдың әйгілі Цинхуа университетімен "студенттермен алмасу туралы" келісімі білімгерлердің академиялық ұтқырлығын ұштау үшін 2 семестрлік мерзімге жоспарланған.
Цинхуа университеті – ҚХР-дағы жетекші оқу орындарының бірі. 1911 жылы құрылған және "Лига С9" атты елдегі тоғыз элиталық жоғары оқу орындарының құрамына кіреді. Сонымен қатар бүгінде Қытай университеттерінің Ұлттық рейтингінде бірінші орында.
"Біз екі университет арасындағы студенттермен алмасу және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Студенттер бір-бірін түсінуі үшін бірге жұмыс істегені біз үшін өте маңызды деп ойлаймын. Бұл көршілес екі елдің болашағы, бейбітшілігі мен бірлесе дамуы үшін маңызды", - деді Цинхуа университетінің президенті, профессор Ван Сицин қол қою рәсімінде.
.jpg)
Өз кезегінде Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу осындай мүмкіндікке жол ашқан Қытайға және президенті Си Цзиньпиньге ризашылығын білдірді.
" 2013 жылдың күзінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлеген Президент Си алғаш рет" Бір белдеу, бір жол " бастамасын жариялай отырып, университетіміздің 200 студенті мен қызметкерін Пекинге шақырған. Дәл сол сапар біздің көптеген әріптестеріміз бен түлектеріміз үшін ұмытылмас ерекше естелік болды", — деді Шигео Катсу.
Тараптар зерттеу қызметінде ынтымақтасуға және академиялық ұтқырлықты дамытуға келісті.
Барлық үш оқу орны Азия университеттері Альянсының қатысушылары. 2017 жылы Азияның 15 жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастыққа, мәдени өзара түсіністікке және ғылыми инновацияларға жәрдемдесу үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Әр түрлі бағдарламалар мен бастамалар арқылы Альянс оқытудың және зерттеудің инновациялық тәсілдерін дамытуға қолдау көрсетуге тырысып келеді.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025