
8 мамыр 2025
Осы мақаламен бөлісіңізSPE байқауы — мұнай-газ инженериясы саласындағы талантты студенттерді анықтауға және қолдауға арналған халықаралық жарыс.
NU-дың Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің «Мұнай-газ ісі» бағдарламасының үшінші курс студенті Нұрасыл Жұмабаев Мұнай инженерлері қоғамының (SPE) студенттік ғылыми жұмыстар байқауының Ресей мен Каспий бойынша өңірлік кезеңінде бірінші орынды иеленді.
Осы жеңістің арқасында ол Хьюстонда (АҚШ) өтетін беделді SPE Аnnual Technical Conference and Exhibition (ATCE) халықаралық конференциясында өңірдің атынан жарысқа түспек.
SPE байқауы — мұнай-газ инженериясы саласындағы талантты студенттерді анықтауға және қолдауға арналған халықаралық жарыс. Қатысушылар өздерінің ғылыми жұмыстарын үш санаттың бірінде ұсынады: бакалавриат, магистратура немесе докторантура. Байқау 14 өңірді қамтиды, Каспий өңірі намысын биыл NU студенті қорғамақ. Халықаралық финалға жеткізген жол бірнеше кезеңнен тұрды: аннотация беру, техникалық презентация және сараптамалық комиссия алдында жұмысты қорғау.
Нұрасылдың зерттеу жұмысы жоғары минералдану және температура жағдайында мұнай өндіруді арттыру үшін нанобөлшекті-полимерлі ерітінділерді оңтайландыруға арналған, ол күрделі геологиялық жағдайларда мұнай өндірудің тиімділігін арттыру үшін нанобөлшектер мен полимерлердің тиімді құрамдарын әзірлеуге бағытталған. Студенттің жұмысы мұнай-газ саласындағы жетекші платформа — OnePetro®-да жарияланады.