барлық жаңалықтар
24 сәуір 2025 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL#NUnews

NU Times Higher Education Asia 2025 рейтингі бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалды

NU Times Higher Education Asia 2025 рейтингі бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалды

24 сәуір 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU ең үздік 150 университет қатарындағы орнын сақтап, Орталық Азияның көшбасшысы болып қалды.

Биылғы 23 сәуірде Times Higher Education (THE) ұйымының халықаралық байланыс жөніндегі жетекшісі Фил Бейти университет президенті Вакар Ахмадқа Макаода өткен арнайы салтанатты шарада ресми сертификат табыстады.

“Times Higher Education ұйымының NU-ды Орталық Азиядағы ең үздік университет ретінде мойындауы – біздің ғалымдар, студенттер, қызметкерлер, қамқоршылық кеңес және басқа да мүдделі тараптардың ортақ еңбегі. Осы жетістігімізбен барлығын құттықтаймын. Ғылым мен білімді, студенттік өмірді және академиялық серіктестікті одан ары жақсарту үшін жүзеге асырып жатқан жоспарларымыз біздің әлемнің үздік университеттері арасындағы беделімізді арттырып, жақын арада мықты рейтингтерде позицияларымыздың жоғарылауына әсер етпек”, - деді NU президенті Вакар Ахмад. Биыл рейтингке барлығы 1213 оқу орны қатысты, өткен жылы 1127 университет қатысқан.

Азия елдері университеттерін бағалайтын жыл сайынғы рейтинг 18 критерий бойынша қаралады. Олар THE-дің Әлем университеттері рейтингіндегі талаптарымен бірдей. Басты ерекшелігі – Азия елдері университеттері арасында құрылатынында. Бұл көрсеткіштер бес негізгі саланы қамтиды: оқыту, ғылыми орта, ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы, интернационализациялау және индустриямен байланыс.

Times Higher Education Asia саммитінде NU президенті Вакар Ахмад пен профессор Атакан Варол университет қабырғасында жасанды интеллект бойынша жасалған жұмыстарды осы саладағы азиялық сарапшыларға таныстырды. KazLLM  және соған байланысты жасанды интеллект өнімдері қазіргі кезде белсенді түрде қолданылуда. Бұл жобалар Қазақстан Үкіметінің цифрлық егемендікке ұмтылуына бірден-бір септігін тигізеді.

NU-дың көшбасшы екенінің тағы бір дәлелі – Азия елдері университеттері альянсына (AUA) мүшелік етуі. Ол – өңірдегі ең мықты 15 оқу орнының ортақ қауымдастығы. Nazarbayev University AUA-ға мүше бірнеше оқу орнымен ғылыми зерттеу жұмыстары, студенттермен алмасу және қос дипломды бағдарламалар аясында байланысын нығайтуда.

 

 

Ұқсас жаңалықтар