26 қараша 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU Медицина мектебі мен Vi-ORTIS ақпараттық-талдау компаниясы ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын және инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған өзара тиімді Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Vi-ORTIS – бұл фармацевтикалық нарықтың жай-күйі мен оның трендтері туралы өзекті деректерді 20 жылдан бері ұсынып келе жатқан алғашқы отандық компания, ол сондай-ақ фармацевтикалық сектордағы ғылыми жобаларға қолдау көрсетеді, өз деректерін білім беру бағдарламалары және түрлі кейстермен үйлестіреді, студенттерді нақты нарықтық міндеттерді шешуге дайындайды.
Меморандум денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыру үшін ғылыми, білім беру және технологиялық әлеуетті интеграциялауды, атап айтқанда, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен білім беру процесі мен практикалық қызметке озық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жобаларды, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту үшін конференциялар, мастер-кластар, семинарлар, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жақсарту және студенттерді фармацевтикалық нарықтың нақты мәселелерін шешуге дайындау үшін VI-ORTIS аналитикалық құралдарын пайдалануға үйретеді.
Vi-ORTIS бас директоры Наиля Чередниченко: «Бұл меморандумға қол қоюдың стратегиялық маңызы зор, өйткені бұл академиялық білімді, инновацияны практикалық, аналитикалық және IT-шешімдермен біріктірмек. Серіктестік аясында біздің компания ұсынатын талдау түрлері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім беру бағдарламаларын дамытуда жақсы көмек болмақ, бұл білікті кадрларды тиімді даярлауға ықпал етеді және еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді», — деді.
NU вице-президенті, Медицина мектебінің деканы профессор Массимо Пиньятелли, өз кезегінде, бұл серіктестік екі жақтың тәжірибесі мен ресурстары бір-бірін тамаша толықтыратынын, сондай-ақ барлығының игілігі үшін білім беруді, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамытуға деген ортақ ұмтылысты көрсететін шынайы синергияның белгісі екенін айтты.
Тараптар бұл ынтымақтастық инновациялық болашақ іргетасын нығайта отырып, Қазақстанның білім беру және ғылыми экожүйелеріндегі өзгерістердің катализаторы болатынын атап өтті.