25 қараша 2024
Осы мақаламен бөлісіңізАлматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастыруымен «Жас Сәтбаевшылар» атты I Қазақстан жас ғалымдарының Конгресі өтті.
Бұл Конгресс көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Іс-шараға Қазақстанның 1000-нан аса жас ғалымдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде табысты қызмет етіп жүрген қазақстандық жас зерттеушілер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, елдегі ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.
Конгресте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау сөзі оқылды: «Жас ғалымдардың I конгресінің ашылуы – қоғамда білім мен ғылым культін қалыптастырып, оны барынша орнықтыруға ықпал ететін маңызды бастама. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев ғалымдарды қолдауға айрықша мән береді. Елімізде дарынды әрі еңбекқор жастардың сапалы білім алып, ғылыммен шұғылдануына барлық жағдай жасалған».

Конгрессте отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтап, елдің қажеттілігіне сай ғылыми қызметтің ең перспективалы бағыттарын анықтады. Сондай-ақ, ғалымдар халықаралық байланыстарды кеңейту және шетелдік сарапшыларды тарту мүмкіндіктерін қарастырды. Конгресте жас зерттеушілерді қолдаудың жаңа тәсілдері, атап айтқанда, гранттар, стипендиялар және шетелде тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері ұсынылды. Сондай-ақ жас ғалымдарды ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін марапаттады. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай медальмен марапатталғандардың қатарында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ең жас академигі, NU қауымдастырылған профессоры Сұраған Дурвудхан болды.
.jpg)