4 маусым 2025
Осы мақаламен бөлісіңізБіз сіздерге NU Research & Beyond жаңалықтар дайджестінің 2025 жылғы мамыр айындағы шығарылымын ұсынамыз — университетіміздің шабыттандыратын оқиғалары мен жетістіктеріне шолу жасайтын ай сайынғы басылым.
Студенттердің шығармашылығы мен ғылыми жетістіктерінен бастап, қоғам дамуына қосқан үлесі мен кәсіби мойындалуына дейін — мақтануға тұрарлық жетістіктері көп.
Осы шығарылымда сіздер ғылым, инновация және білім беру салаларында NU-дың аймақтық және жаһандық деңгейдегі өсіп келе жатқан көшбасшылығы туралы білесіздер.
NU рейтингтерде: Times Higher Education Asia Rankings 2025 нұсқасы бойынша NU Азияның үздік 150 университетінің қатарында өз орнын нық сақтап, Орталық Азиядағы №1 жоғары оқу орны мәртебесін нығайтып келеді.
Ғылыми жетістіктер: NU Scopus базасында индекстелген 10 000-нан астам ғылыми жарияланыммен маңызды жетістікке қол жеткізді, олардың 57%-дан астамы Q1 санатындағы беделді журналдарда жарияланған.
Әлемдік аренадағы инновациялар: 2025 жылы Осакада өткен Expo көрмесінде Жүрек орталығы (UMC) ALEM атты донорлық ағзаларды сақтау жүйесін таныстырды. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе Қазақстанның трансплантациялық медицинадағы алдыңғы қатарлы жетістіктерін көрсетті.
Сондай-ақ, қыркүйек айында өтетін жыл сайынғы NU зерттеу конференциясына (NUARC-2025) ғылыми қауымдастықты қатысуға шақырамыз.
Бізге жазылыңыз және толық нұсқадағы жаңалықтармен таныс болыңыздар!