
27 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз26 ақпанда Nazarbayev University (NU) студенттерді тарту жөніндегі алғашқы ресми серіктесі — SmarTestPrep-пен бірлесіп, NU QADAM форумын өткізді.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі оқу орындарынан келген 150-ден астам мектеп оқушысы қатысты, олардың қатарында Quantum STEM School, Tamos Space School, BINOM SCHOOL, NIS және т.б. мектеп оқушылары бар.
Форумды NU президенті доктор Вакар Ахмад ашты. Ол өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдау алдында тұрған жастар алдында сөз сөйледі. Профессор NU-ға түскен студенттер тек қана білім алып, дағдыларын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ көшбасшылыққа үйреніп, дос тауып, өз ортасына жақсы ықпал етуді меңгереді.
“Болашақта бірнеше рет мамандық ауыстырып, ал жұмыс орнын одан да жиі ауыстыруларыңыз мүмкін. Осы кездерде сіздерге ең керек қабілет – проблемаларды шеше алу қабілеті болмақ. Техологиялардың тез дамып, қоғам заңдарының тез өзгеріп жатқанын ескерер болсақ, өзгерістерге бейімделіп, жаңа қабілеттерді меңгере алу – сіздердің басты артықшылықтарыңыз болады. Аталған қабілеттерді дамытпасаңыздар, болашақта жұмыс табу қиынға соғады. Біздің университетте сіздер дәл осы бағытта өсіп-жетілесіздер: білім алып, командада жұмыс істеп үйренесіздер. Алайда бұл да жеткіліксіз. Университет көшбасшы болуды үйретеді, ақпаратты меңгеруден бөлек, басқаларға жақсы үлгі болып, артыңызға адам жетелеуге баулиды, ортақ мақсаттар үшін бірігіп жұмыс істеуді меңгересіз”, — деді Вакар Ахмад.
Форум аясында Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құсманов, әлеуметтік кәсіпкер Мәулен Ахметов, БҰҰ Жастар консультативтік кеңесінің төрағасы Камила Тұяқбаева, Sun Project негізін қалаушы және жетекшісі, стендапер Аман Төлегенов және т.б. сияқты университеттің табысты түлектерімен панельдік сессиялар өтті. Қонақтар олардың әңгімелерін тыңдап, оқу-жұмыс бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.
NU вице-президенті Әсел Увалиева түлектерге өздерінің тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс айтып, болашақ студенттерге сәттілік тіледі.
Одан бөлек, жоғары сынып оқушылары үшін университет студенттерімен сессия өтті, олар студенттік өмір туралы егжей-тегжейлі сұрастырып, кампустағы атмосфераны сезіне алды. Шара соңында NU-дың қабылдау комиссиясымен Q&A өтіп, оқушылар оқуға түсу процедуралары туралы толығырақ ақпарат алды.