барлық жаңалықтар
23 қыркүйек 2025 ##NUgoesGLOBAL

NU PhD диссертацияларын әлемдегі ең үлкен дерекқорға біріктіреді

NU PhD диссертацияларын әлемдегі ең үлкен дерекқорға біріктіреді

23 қыркүйек 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU ProQuest-пен әріптестік орнатты.

Nazarbayev University (NU) Clarivate құрамындағы әрі әлемдегі жетекші ғылыми платформалардың бірі ProQuest компаниясымен серіктестік орнатып, өз докторанттарының диссертацияларын 150-ден астам елде қолжетімді етті. Бұл келісім NU-дің Орталық Азиядағы зерттеулердің жаһандық деңгейдегі беделі мен ықпалын арттыру миссиясындағы маңызды қадам болып саналады.

NU атынан келісімге уақытша провост Loretta O'Donnell қол қойды. Осы арқылы университеттің PhD диссертациялары институционалдық репозиторийінен алынып, ProQuest Dissertations & Theses Global базасына енгізіледі. Бұл база – әлемдегі ең ірі әрі толыққанды ғылыми-зерттеу диссертациялары қоры. Ынтымақтастық авторлық құқықтарды сақтай отырып, NU зерттеулерінің халықаралық ғылыми қауымдастыққа енуін қамтамасыз етеді.

«Бұл келісім – біз бірнеше жыл бойы мақсатты түрде жүргізген жұмыстың нәтижесі», – деді NU-дің магистратура және докторантура жөніндегі қауымдастырылған провосты профессор Luis Ramon Rojas-Solórzano. – «Енді біз түлектеріміздің жетекші ғалымдардың басшылығымен, кәсіби қолдау көрсетуші қызметкерлердің арқасында жүргізген ерекше зерттеулерін әлемдік ғылыми қауымдастыққа ұсына аламыз. Бұл NU-дің беделін арттырып қана қоймай, Орталық Азиядағы білім мен ғылымды дамытуға үлес қосады».

NU кітапханасының жетекші сарапшысы Толқын Жаңғұлова: «NU-дің PhD диссертацияларын ProQuest-тің жаһандық базасына енгізу арқылы біз зерттеушілеріміздің еңбегін сақтап қана қоймай, оны әлемдік ғылыми диалогтың бір бөлігіне айналдырамыз. Бұл бастама біздің кітапхананың ашық қолжетімділікті дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмыстарының да бір бөлігі, оның ішінде институционалдық репозиторийді қолдау және ашық жарияланымдарды ілгерілету бар».

NU PhD зерттеулерінің әлемдегі ең ірі диссертациялық базаға қосылуы түлектерге өз нәтижелерін жаһандық деңгейде ұсынуға, жаңа серіктестіктерді бастауға және Орталық Азиядан бүкіл әлемге инновация таратуға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар