12 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңізҚазақ даласы мен Оңтүстік Орал тарихына арналған кітап халықаралық деңгейде беделді бағаға ие болды.
Америкалық кітапхана қауымдастығы (ALA) соңғы екі жылдағы ең үздік тарихи еңбектер тізіміне Voices from the Steppe: A Thematic Sourcebook of the Kazakh Steppe and the South Urals кітабын қосты. Басылымның авторлары Nazarbayev University (NU) ассистент профессоры Мейрамгүл Құсайынова мен оның бұрынғы әріптесі Даниэль Росс, Юта мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры.
Бұл еңбекте XVI ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақ даласы мен Ресейдің Оңтүстік Орал өңірінің тарихына қатысты 101 дерек жинақталған. Ол жергілікті тарих, әндер, өлеңдер, хаттар, мемуарлар, діни-құқықтық жазбалар және ресми құжаттар сияқты әртүрлі мәтіндерді қамтып, саясат, мәдениет, руханият, экономикалық қызмет, гендерлік қатынастар және күнделікті өмір тақырыптарын ашады.
ALA мойындауы Voices from the Steppe ғылыми маңыздылығын және оның Орталық Азияны халықаралық деңгейде зерттеуге қосқан үлесін көрсетеді. Үздік тарихи еңбектердің тізіміне тарих ғылымына елеулі үлес қосатын көрнекті анықтамалық еңбектер, библиографиялар мен бастапқы дереккөздер жинақтары енгізілген. Voices from the Steppe кітабының бұл тізімге енуі NU ғалымдарыжүргізген зерттеулердің жоғары деңгейін мойындайды және университеттің академиялық қоғамдастықтағы ықпалын арттырады.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025