барлық жаңалықтар
27 тамыз 2024 #Оқиғалар#Ғылым##NUgoesGLOBAL

NU профессоры беделді IEEE Access журналының аға редакторы болды

NU профессоры беделді IEEE Access журналының аға редакторы болды

27 тамыз 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры До Дук Тон IEEE Access журналының аға редакторы болып тағайындалды.

IEEE Access – Электр және электроника инженерлер институты (АҚШ) басып шығаратын 60-қа жуық аға редакторы бар рецензияланатын ғылыми журнал. NU профессоры До Дук Тон соңғы үш жылдағы журналдың және оның арнайы нөмірлерінің редакторы ретіндегі тамаша жұмысы үшін ұздік марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, ұйымның сайтында атап өтілгендей, ғалым кестедегі дәйексөздер бойынша жылдағы және еңбек жолы бойынша ғалымдардың үздік 2% тізіміне енген.

“IEEE Access-те аға редактор ретінде қызмет ету менің өз саламдағы сарапшы және көшбасшы ретінде танылғанымды көрсетеді. Сонымен қатар бұл менің маңызды жетістіктерім мен техникалық баспадағы көшбасшылығымды көрсетеді. Бұл рөл маған зерттеу бағытына әсер етуге, жоғары сапалы мақалалардың жариялануын қамтамасыз етуге және IEEE тұтастығы мен стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді. Менің рөлім кәсіби өсуге, желілік мүмкіндіктерге және зерттеудегі жаңа трендтерді түсінуге апарады. Мұның барлығы ынтымақтастық пен академиялық мүмкіндіктерді арттыру арқылы NU-ға пайда әкелуі мүмкін”, - деді ғалым. 

Ол NU  өкілінің осындай маңызды лауазымға тағайындалуы университеттің академиялық басылымдар мен зерттеулер саласындағы көшбасшыларды дамытуға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті. Жоғары IEEE ұйымының стандарттарын ұстану NU беделін одан әрі арттырады және әлеуетті студенттерді, оқытушыларды және сапа мен этикаға ұмтылатын серіктестерді тартады деп үмітін білдірді ғалым.

Профессор До Дук Тон Вьетнамдағы Ханой ғылым және технология университетін бітірген және Донггук университетінің (Оңтүстік Корея) электротехника бойынша PhD дәрежесін алғын. NU-да 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Оның ғылыми қызығушылықтары басқару инженериясы, электр жетектері, жаңартылатын энергияны түрлендіру жүйелері және нанороботтарды қамтиды.

IEEE – 190-нан астам елдерді қамтитын электроника инженерлерінің әлемдегі ең ірі кәсіби қауымдастығы.

Ұқсас жаңалықтар