22 қаңтар 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNature Human Behavior журналында жарияланған жаһандық зерттеу бүкіл әлемдегі ғалымдарға деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетті. Дегенмен, аймақтар арасында әлі де айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Зерттеуді 241 ғалымдардан тұратын халықаралық топ жүргізді. Оның ішіне Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Саясаттану және халықаралық қатынастар департаментінің профессорлары Динара Писарева мен Хоён Ко және NU бұрынғы оқытушы Бермонд Скоггинс кірді. Зерттеушілер 68 ел мен 71 мыңнан астам респонденттің сауалнама деректерін талдап, ғалымдарға деген сенім деңгейі, қоғамдық күтулер және пандемиядан кейінгі кезеңдегі ғылыми қызметтің басымдықтары туралы бірегей түсінік берді.
Бүкіл әлем бойынша ғалымдарға деген сенімнің жоғары орташа деңгейіне қарамастан, зерттеушілер айтарлықтай аймақтық айырмашылықтарды тапты. Қазақстанда және Грузия сияқты басқа да посткеңестік елдерде ғалымдарға деген сенім деңгейі айтарлықтай төмен болды. Бірақ зерттеушілер бұл құбылыс саяси көзқарастармен немесе діндарлық деңгейімен байланысты емес дейді. Зерттеу қоғамның ғылымға деген сенімін нығайту және ғылыми білімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру процестеріне біріктіру бойынша белсенді күш-жігер қажеттігін көрсетеді.
NU-lың осы пәнаралық зерттеулерге қатысуы оның жаһандық ғылыми ынтымақтастықтардағы өсіп келе жатқан рөлін және ғылыми зерттеулер арқылы негізгі әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ұмтылысын растайды.
Ақпаратты доктор Д.Писарева келтірді.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025