21 қазан 2024
Осы мақаламен бөлісіңізЕкі күндік халықаралық конференцияға 20-дан астам елден 1500-ден астам делегат, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттерінен 100 танымал ғалым қатысып жатыр
Спикерлер қатарында NU өкілдері – президент Вакар Ахмад, NLA бас директоры Дос Сарбасов және вице-провост Аида Сағынтаева бар.
«Жоғары білімнің жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігі: стратегияны қалыптастыру» панельдік сессиясында Вакар Ахмад Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесінде реформа жасау моделі болуға ұмтылатын Nazarbayev University стратегиясы туралы айтып берді.
Президент халықаралық серіктестікке, білім алмасу, бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық ұтқырлық мақсатында жаһандық институттармен стратегиялық альянстар құруға баса назар аударды. Мысалы, 2023 жылы NU тоғыз елдің оқу орындарымен әріптестік туралы 20 меморандумға қол қойып, жаһандық ынтымақтастық географиясын едәуір кеңейтті, дипломатиялық миссиялардан, бүкіл әлем бойынша оқу орындарынан, білім саласындағы агенттіктер және компаниялардан 100-ге жуық делегацияны қабылдап, білім берудің әртүрлі салаларындағы диалог пен ынтымақтастыққа ықпал етті.
Профессор Вакар NU-да бәсекеге қабілетті жағдайлар мен кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсына отырып, әлемдік деңгейдегі оқытушылар мен зерттеушілерді тартатын және оларды елімізде ұстап қалуға мүмкіндік беретін академиялық орта құрылып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда университеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 500-ден астам адамды құрайды, оның 200-ден астамы – қазақстандықтар, оның ішінде 61-і «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, бұл NU-ның жергілікті әлеуетті арттыруды көздейтінінің дәлелі.
NU Әлеуметтік даму қоры Әлеуметтік жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Дина Сайфутдинова «Әлеуметтік өзгерістерге инвестициялар құю: әлеуметтік даму үшін капитал тарту» панельдік сессиясына қатысты. Ол NU студенттері мен түлектерінің әлеуметтік өзгерістерге елеулі үлес қосып жүргені туралы айтып өтті. Сондай-ақ Дина Университеттің қолдау көрсету экожүйесінің әлеуметтік жобалар аясында инновацияларды, шығармашылық пен ынтымақтастықты дамытуға қалай ықпал ететініне тоқталды. Мұндай орта тұрақты және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріп, NU-ды әлеуметтік жауапкершілігі зор бастамаларды қолдау бойынша көшбасшы етеді.
Қазіргі заманның тағы бір сын-қатері – технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, форумға қатысушылар оқу үдерістеріне цифрлық инновацияларды уақытылы енгізудің және осы тақырып бойынша өзекті ғылыми зерттеулер жүргізудің маңызын, сондай-ақ коммуникациялық дағдыларға, сыни ойлауға және пәнаралық білімге ерекше назар аударылатын әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандарды даярлау үшін бағдарламалар әзірлеу қажеттігін атап өтті.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025