2 қыркүйек 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNazarbayev University-дің бірнеше оқытушысы жоғары білім беру саласындағы халықаралық беделді көрсеткіш – Advance HE (Ұлыбритания) ұйымының Senior Fellowship мәртебесіне ие болды.
Бұл мәртебеге ие болғандар қатарында: Дайындық мектебінің пән жетекшісі Эльмира Тұрсынханова, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары Shazim Memon мен Essam Shehab, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі Жазу орталығының уақытша директоры Thomas Duke, сондай-ақ Жоғары білім мектебінің профессоры Daniel Hernández-Torrano бар.
Бұл жетістік олардың оқыту мен білім берудегі көшбасшылығын – әріптестеріне тәлімгер болуын, педагогикалық жаңашылдықты дамытуын және оқыту сапасы мен студенттердің табысын арттыруға бағытталған институционалдық стратегияларды қалыптастыруын мойындайды.
«Advance HE-пен әріптестік біздің оқытушылардың кәсіби дамуына және студенттердің жоғары нәтижелерге жетуіне деген берік ұстанымымызды көрсетеді», – деді NU президенті, профессор Waqar Ahmad.
Ұлыбританияның Кәсіби стандарттар негіздемесі (UK Professional Standards Framework - UK PSF) аясындағы Senior Fellowship мәртебесі оқыту мен білім беруде стратегиялық көшбасшылық танытқан жоғары білім беру мамандарына беріледі. Бұл тек аудиториядағы сабақпен шектелмей, мыналарды қамтиды:
әріптестерді тәлімгерлікпен қолдау және дамыту;
оқу бағдарламалары мен бағалау әдістерін жетілдіру;
институционалдық саясат пен сапаны арттыру бастамаларына ықпал ету.
Senior Fellowship мәртебе иелерін академиялық көшбасшылыққа жетелейді және NU-дың педагогикалық инновациялар орталығы ретіндегі беделін нығайтады.