барлық жаңалықтар
2 сәуір 2025 ##NUgoesGLOBAL##NUnews

NU – THE Asia Universities Summit 2025 шарасының контент-серіктесі

NU – THE Asia Universities Summit 2025 шарасының контент-серіктесі

2 сәуір 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Биылғы 22-24 сәуір аралығында Қытайдың Макао қаласында Азия елдері университеттерінің саммиті өтеді, шараны жоғары білім беру саласындағы ең беделді Times Higher Education рейтингі өткізбек.

Арнайы сессия кезінде Nazarbayev University президенті Вакар Ахмад пен университет жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) директоры Атакан Варол ISSAI KazLLM өнімін ұсынады. Сессия тақырыбы: “Kazakh Large Language Model: How Can Universities Drive Translational Impact in Generative AI”/”Үлкен қазақ тілі моделі: Университеттер генеративті AI-ды аударма жасау ісінде қалай пайдалана алады”.

Саммит Азияның инновация, ғылым, технология орталығы ретіндегі рөлін талқылайтын маңызды платформа болмақ. Tsinghua University, The Hong Kong University of Science and Technology, National University of Singapore, Tokyo University of Science, University of Adelaide және т.б. жетекші азиялық университеттерден 80-нен астам спикер “Asia's rise: A transformative journey in science, technology and innovation”/”Азияның өрлеуі: ғылым, технология мен инновациядағы трансформациялық өзгеріс” саммитінде ғылыми әзірлемелерін таныстырып, идеяларымен бөліседі. Талқыланатын тақырыптар арасында Азияның алға бастайтын инновациялары, өңір университеттерінің жоғары білімді дамытудағы әлеуеті, ғылыми зерттеу жұмыстары санының өсуі, университеттердің ғылым жасаудағы өзара байланысы, стартап-мәдениет және т.б. бар.

Вакар Ахмад пен Атакан Варолдан тұратын қазақстандық делегация еліміздің генеративті жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырады, атап айтқанда, ISSAI-дың KazLLM үлкен тілдік моделі, қазақ тіліндегі Umai виртуалды ассистенті, Tilmash екі жақты машиналық аударма құралы және басқа да өнімдер көрсетілмек. Олар өз тәжірибесі негізінде университеттердің AI-дың практикалық қолдану аясының кеңеуіне қалай әсер ете алатыны, сондай-ақ инновация мен қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатыны туралы сөз етпек.

Жаһандық саммитке қатысу NU-ға маңызды талқылауларға араласып, нетворкинг жасап, жетекші білім беру және зерттеу ұйымдарымен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар NU-ды әлемдік қауымдастыққа Орталық Азияның жоғары білім мен ғылым саласындағы көшбасшысы ретінде таныстырмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар