барлық жаңалықтар
19 қазан 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

NU мен Өзбекстанның Жаңа Университеті Меморандумға қол қойды

NU мен Өзбекстанның Жаңа Университеті Меморандумға қол қойды

19 қазан 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Қазанның 19 күні тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумды қабылдады.

Екі университет бауырлас елдердің жоғары білім беру саласында ынтымақтастықты орнату жолында елеулі қадам жасады. Ташкентте орналасқан Өзбекстан Жаңа Университеті (ӨЖУ) – Назарбаев Университетінің Өзбекстандағы алғашқы серіктес университеті. Ол Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2021 жылы негізі қаланған алғашқы автономиялық университет. ӨЖУ-дегі барлық бағдарламалар ағылшын тілінде оқытылады, университет халықаралық талаптарға сай құралған. ӨЖУ Массачусетс технологиялық институты мен Мюнхен техникалық университеті сияқты әлемдік жетекші университеттермен стратегиялық серіктестік орнатқан. ӨЖУ мен Назарбаев Университетітің миссиясы ұқсас – болашақ көшбасшылар мен инноваторларды тәрбиелеп оларға мықты білім бері.

Орталық азия мен Кавказ өңіріндегі ең беделгі университет ретінде NU өзінің тәжірибесімен бөлісуге қуанышты. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде тараптар студенттер мен қызметкерлер алмасу бағдарламалары, бірлескен зерттеу, басылымдармен алмасу, конференция, симпозиум, және семинар сияқты бірлескен академиялық іс-шараларда ынтымақтасуға келісті. Жақында қол қойылған НУ және ӨЖУ арасындағы Меморандум өзара тиімді және көршілес екі елде жоғары білім беруді интернационалдандыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар