барлық жаңалықтар
28 наурыз 2025 #Ғылым##NUgoesGLOBAL

NU мен Hokkaido University-дің ортақ жобасы Жапония Үкіметінің грантын жеңіп алды

NU мен Hokkaido University-дің ортақ жобасы Жапония Үкіметінің грантын жеңіп алды

28 наурыз 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-да Hokkaido University-мен бірлестікте Жапонияның SATREPS үкіметтік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Ол жаһандық мәселелерді шешу үшін Жапония мен дамушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған.

Өткен жылы Жапонияның Ғылым және технологиялар жөніндегі агенттігі (JST) қоршаған ортаны қорғау, энергия/биоресурстар/апаттардың алдын алу және азайту сияқты үш негізгі бағыт бойынша өтінімдерді қабылдауды бастаған. Арнайы комитет өтінімдерді бағалап, үміткерлермен әңгімелескеннен кейін, 64 ұсыныстың ішінен 10 ғылыми жобаны іріктеп алды. Олардың арасында Hokkaido University профессоры Ехэй Кавамура мен NU профессоры Фиделис Суориненидің бірлескен жобасы бар. Қазақстан бұл бағдарламаға алғаш рет 56 елмен қатар қатысып отыр.

Next-generation Smart Mining Plus for Sustainable Resources Development қазақстандық-жапондық ғылыми жобасы Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің экологиялық қауіпсіз жүйесін құруға бағытталған. Бұл өнеркәсіптік даму мен декарбонизация арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан табиғи ресурстармен, оның ішінде сирек кездесетін металдармен бай ел ретінде тау-кен қазу жұмыстарынан көміртегі шығарындылары мен судың ластануына тап болып отыр. Зерттеу осы мәселелерді шешу үшін ақылды технологиялар мен экологиялық таза өндіру әдістерін енгізуге бағытталған.

Зерттеулер 2030 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады, ал гранттың жалпы сомасы – $3,2 млн. Зерттеушілер алдында экологиялық мониторинг жүйесін құру, цифрлық егізді әзірлеу, ластануды бақылау технологияларын енгізу және «Smart Mining+» үшін институционалдық құрылымды дамыту міндеттері тұр.

Жоба ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ осы жоба арқылы NU заманауи жабдықтарды жеткізу, оқытушылар құрамымен алмасу, студенттер мен технологтарды оқыту және қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын қоса алғанда, айтарлықтай артықшылықтарға ие болады. «Бұл ынтымақтастықтықтың Қазақстан үшін де, Жапония үшін де маңызы зор. Ол NU-ға тау-кен өндірудегі Жапонияның қауіпсіз, үнемді әрі экологиялық таза әдістерін зерттеп, игеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, ынтымақтастық Жапонияның тиісті технологияларды өндіруші  компаниялары үшін жаңа нарық ашпақ. Біздің университетте қаралатын технологиялар қатарына 360 градустық виртуалды шындық (VR), Визуализация мен әрекет ету үшін озық орта (AVIE) және электрондық-зондты микроталдаушы (EPMA) кіреді. Олар зерттеу жұмыстары, кадрларды оқытып, әзірлеу мақсатында пайдаланылмақ. Осылайша, екі ел де табиғи ресурстар саласында білімін тереңдетіп, сараптамасын дамытады», — дейді профессор Фиделис.

 

Ұқсас жаңалықтар