барлық жаңалықтар
15 шілде 2024 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL

NU-да Орталық Азия мен Кавказ елдерінің көшбасшыларына арналған тренинг өтуде

NU-да Орталық Азия мен Кавказ елдерінің көшбасшыларына арналған тренинг өтуде

15 шілде 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU Жоғары бизнес мектебінде Орталық Еуразия көшбасшыларының альянсы (CELA) білім беру бағдарламасы басталды.

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің топ-менеджерлері CELA көшбасшылық академиясының 10 күндік көшбасшылық бағдарламасы бойынша  оқып жатыр. 15-25 шілде аралығында қатысушылар бизнес-сарапшылар мен білім беру спикерлерінен баға жетпес кәсіби және тұлғалық даму білімдерін алып қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстандағы бірегей мәдени тәжірибеге енеді.

CELA – көшбасшылық қабілеттерін үздіксіз кеңейтіп, отбасыларына, бизнесіне және қауымдастықтарына оң әсер ететін Орталық Еуразиялық көшбасшыларға арналған форум. Оны 2002 жылы АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары мен басшыларының жаһандық желісі болып табылатын Халықаралық кәсіпкерлер қоғамы (SIBF) құрды. Қазір CELA Грузия, Моңғолия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Армения және Түркіменстан сияқты 10 елдің өкілдерін біріктіреді.

Бағдарламаның ашылуындағы құттықтау сөзінде NU Жоғары бизнес мектебінің деканы Джозеф Конингс NU GSB бағдарламалары туралы айтып, көшбасшылықтың озық тәжірибелерін  және тәсілдер белсенді түрде зерттеп жатқан жаһандық бизнес мектептері үшін көшбасшылық тақырыбының өзектілігін атап өтті.

NU Жоғары бизнес мектебі әлемдегі барлық бизнес мектептер арасында топ-3% және қарқынды зерттеулері бар бизнес мектептер арасында топ-30% құрайды, сонымен қатар ол Қазақстан мен Еуразия өңіріндегі қарқынды зерттеулері бар бизнес-мектептер арасында 1-ші орында.  Бұған дейін Көшбасшылық академиясы Түркияның Коч университетінде және Грузияның Кутаиси халықаралық университетінде өткен болатын. Қосымша ақпаратты www.celanetwork.org сайтынан табуға болады.

Ұқсас жаңалықтар