барлық жаңалықтар
17 шілде 2023 #Оқиғалар#Ғылым##NUgoesGLOBAL

NU GSPP магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды

NU GSPP магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды

17 шілде 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Аккредитация Назарбаев Университетінің  Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің  мемлекеттік саясат пен менеджмент саласында сапалы білім беруге ұмтылысын растайды.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) өзінің Мемлекеттік саясат магистрі (MPP) және Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) магистратура бағдарламаларының Мемлекеттік істер мен басқару мектептерінің ұлттық ассоциациясымен (NASPAA) сәтті аккредиттелгенін қуана хабарлайды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған білім берудегі әлемдік стандарт болып саналатын бұл беделді аккредитация NU GSPP-дің мемлекеттік саясат пен үкіметте сапалы білім беруге ұмтылысын және Мектептің академиялық және кәсіби шеберліктің ең жоғары стандарттарын мойындауын растайды.

NASPAA – Мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің халықаралық қауымдастығы – мемлекеттік және муниципалдық басқарудағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу саласындағы ең көне бірлестіктердің бірі. Бұл мемлекеттік басқару саласындағы жалпы танылған білім стандарты.

Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебі осылайша NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламалары бар АҚШ-тан тыс 7 елдегі 13 оқу орнының бірі болып табылады. Бұл тамаша жетістік NU GSPP-дің Қазақстандағы және аймақтағы мемлекеттік саясат пен басқару саласындағы білім берудегі көшбасшы ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтады.

«Біз 2019 жылы Мемлекеттік басқару бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтан (EAPAA) толық аккредитация алғаннан кейін NU GSPP үшін тағы бір маңызды кезең болып табылатын NASPAA толық аккредитациясын алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл аккредитациялар біздің бағдарламаларымыздың жоғары сапасын, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің мемлекеттік саясат пен әкімшілік білім саласындағы жетістіктерге деген шексіз берілгендігі мен қажырлы еңбегін көрсетеді», - деп түсіндірді декан Венг Тат Хуэй.

NU GSPP NASPAA аккредитациясына сапарын 2020 жылдың қаңтарында оның бағдарламаларының NASPAA әмбебап талап етілетін құзыреттерімен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қатаң және жан-жақты дайындық процесінен өту арқылы бастады. Мектеп 2022 жылдың шілдесінде ұсынылған есепте құжатталған, мектептің оқу бағдарламасының әртүрлі аспектілерін, оқытушылар тәжірибесін, студенттердің оқу нәтижелерін және әртүрлілікке, теңдікке және инклюзивтілікке деген ұмтылысын көрсететін бір жылдық ауқымды өзін-өзі зерттеуді жүргізді. 2023 жылдың наурыз айында NASPAA өкілдері - мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибелі академиктер мен практиктерден тұратын төрт сыртқы рецензенттер тобы Назарбаев Университетке іс-сапармен келді. Комиссия әртүрлі мүдделі тараптармен, соның ішінде оқытушылар құрамымен, студенттермен, түлектермен, жұмыс берушілермен және серіктестермен кездесті.

Сапар барысында NASPAA өкілдері NU GSPP келесі артықшылықтарын атап өтті:

• оқыту мен зерттеу мектеп миссиясымен тығыз байланысы;

• сапаны қамтамасыз ету жүйесі;

• NU GSPP-дегі тәжірибесі туралы түлектер мен қазіргі студенттердің оң және ынталы пікірлері;

• NU GSPP-дің серіктестерімен оң кәсіби тәжірибесі;

• НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі түлектерінің жүйелі және тиімді жұмысы

• Назарбаев Университеті студенттерге ұсынатын қолдау қызметтерінің жоғары сапасы.

«Комиссия біздің аккредиттелген бағдарламаларымыздың керемет жұмысын құптайды. Бағдарламалар мемлекеттік сектор органдарына таланттарды дайындауға және сапалы білім беру жолдарын құруда көшбасшы болып табылады. Биылғы жылы топ ескі де, жаңа да елеулі қиындықтарға тап болды. Біз олардың төзімділігін құптаймыз», - деді NASPAA әріптестік бағалау және аккредиттеу комиссиясының төрағасы доктор Роджер Хартли.

«Аккредиттеу процесі қатал және оң тәжірибе болды деп айталамыз. Бұл бізге бағдарламаларымызға қайта қарап және қажетті жақсартулар жасауға мүмкіндік берді», - деп қосты GSPP деканы Венг Тат Хуэй.

NASPAA аккредитациясы NU GSPP студенттеріне көптеген артықшылықтар береді. Ол  - халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуға кепілдік. Құзыреттілікті NASPAA-мен сәйкестендіру NU GSPP түлектерінің талдау, синтез, сыни ойлау, мәселелерді шешу, дәлелді шешім қабылдау, тиімді коммуникация және қоғам мүддесі үшін көшбасшылық үшін қажетті дағдылар мен білімге ие болуын қамтамасыз етеді.

NU GSPP негізгі стратегиялық серіктесі, Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленген, Сингапурға трансформациялық, тәжірибелік білім беру сапарын қамтитын оқу бағдарламасы магистранттарды табысты мансапқа дайындап, қоғамдағы өзгерістерге тиімді әсер етеді.

NU GSPP аккредиттелген мекеме ретінде инновацияларды ынталандыру және сала жетекшілерімен, саясаткерлермен және қауымдастықтың мүдделі тараптарымен бірлесіп жұмыс істеу арқылы жоғары жетістіктерге ұмтылуды жалғастырады. NASPAA аккредитациясы NU GSPP-дің болашақтағы өсуі мен табысы үшін берік негізін қалайды, сонымен қатар мектепке тиімді басқаруды дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, декан Венг Тат Хуэй келесі маңызды ақпаратпен бөлісті: «Біз NASPAA және EAPAA-дан толық аккредитация алған екі магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі жалғыз оқу орны болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл ерекшелік біздің бағдарламаларымыздың ерекше сапасы мен қатаңдығын көрсетеді. NASPAA аккредитациясының арқасында біз Қазақстаннан және басқа елдерден мемлекеттік қызметкерлерің тартамыз деп үміттенеміз. Оларды Назарбаев Университетінде оқуға шақырамыз. Біздің білім беру деңгейіміз күрделі саясат мәселелерін шешуге көмектесіп, мемлекеттік саясаттың жаңашылдары мен көшбасшылары ретінде табысқа жетуге қажетті біліммен, дағдылармен және байланыстармен қамтамасыз етеді».

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (GSPP) туралы:

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат/басқару саласында жоғары сапалы білім беруді мақсат ететін Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттік саясат мектебі болып табылады. GSPP миссиясы үкіметтер мен қауымдастықтар алдында тұрған негізгі саясат пен көшбасшылық міндеттерге бағытталған оқыту, зерттеу және басқарушылық дамудағы үздіктер арқылы тиімді басқаруды ілгерілету үшін саяси қоғамдастықты тарту және көшбасшыларды оқыту арқылы Қазақстан мен Орталық Азия халқының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. MPP және MPA екі магистрлік бағдарламаларынан басқа, GSPP қолданбалы мемлекеттік саясат саласындағы ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге, халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған болашақ профессор-оқытушылар құрамын жабдықтауға және Қазақстанда және одан тыс жерлерде мемлекеттік секторда шешім қабылдау үшін ғылыми базасын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат саласындағы докторлық бағдарламасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар