барлық жаңалықтар
12 маусым 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

NU GSB және Дьюк Университетінің FUQUA бизнес мектебі стратегиялық серіктестік құруда

NU GSB және Дьюк Университетінің FUQUA бизнес мектебі стратегиялық серіктестік құруда

12 маусым 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Әріптестіктің жаңа кезеңі: NU GSB және Дьюк университетінің FUQUA бизнес мектебі академиялық үдерістерді, зерттеулерді және бизнес-білім берудегі инновацияларды ілгерілету үшін байланыстарын нығайтады.

2023 жылдың 10 маусымында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі мен Дьюк университетінің FUQUA бизнес мектебі 2023-2026 жылдарға арналған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осы серіктестік аясында Мектеп ішіндегі оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар, бірлескен зерттеулер, конференциялар мен симпозиумдар өткізіледі. Дьюк университетінің FUQUA бизнес мектебі профессорлар мен әкімшілік қызметкерлерге әдістемелік және тәлімгерлік қолдау көрсетеді. Айта кетейік, FUQUA бизнес мектебі 12 жыл бойы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің стратегиялық серіктесі болып табылады.

Дьюк университетінің FUQUA бизнес мектебі – Солтүстік Каролина штатының Дарем қаласында орналасқан АҚШ-тың үздік бизнес мектебі. Мектептің Лондон, Шанхай, Дели, Дубай және Санкт-Петербургте кеңселері бар. FUQUA бизнес мектебі жұмыс істейтін кәсіпқойлар үшін әртүрлі MBA бағдарламаларын және MMS бағдарламасын сәтті іске қосуымен танымал. Бизнес-мектеп бітірушілердің 90%-ы диплом алғаннан кейін үш ай ішінде тиімді ұсыныстар алады. Дьюкті бітіргендердің арасында Apple басшысы Тим Кук пен Microsoft басшысының әйелі, қайырымдылық қорының негізін қалаушы Мелинда Гейтс бар.

2014 жылы Фукуа бизнес мектебі Bloomberg Businessweek нұсқасы бойынша АҚШ-тағы ең үздік бизнес мектебі және Financial Times жаһандық рейтингінде 17-ші орынға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар