27 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNazarbayev University (NU) зерттеушілерінің ғылыми жарияланымдары жыл сайын көбейіп, олардың әлемдік ғылымға ықпалы айқын артып келеді.
2025 жылғы 23 тамыздағы деректерге сәйкес, NU ғалымдары жариялаған мақалалардың саны 10 640-тан асты. Бұл – Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының еңбектерінің шамамен алтыдан бірі. Бұл деректерді NU-дың Office of Research Policy and Analysis ұсынды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай серпін елде ғылыми қызметті қолдауға бағытталған жаңа гранттық бағдарламалардың іске қосылуымен байланысты. Салыстырмалы түрде айтсақ, университеттің алғашқы бес жылында бар болғаны 1 600 мақала жарық көрген.
Беделді Q1 (Scopus) журналдарындағы жарияланымдар саны да қысқа мерзімде күрт өскен: 615-тен 5 020-ға дейін. Бұл – 2011 жылдан бері қазақстандық ғалымдардың Q1 журналдарында жариялаған барлық еңбектерінің үштен бірі (барлығы 16 429 мақала).
«Q1 журналдарында жарияланым жарнасын төлеу орта есеппен 10 мақаланың 1-і ғана өтетін тәуелсіз ғылыми рецензиялау процесінен кейін жүзеге асырылатындығына байланысты, мұндай журналдарда өз жұмысын ақылы түрде жариялауға ұсыну мүмкін емес», – деп атап өтті университеттің талдау қызметі.
Ғылыми еңбектердің сапасын FWCI (білім саласы бойынша өлшенген дәйексөз келтіру коэффициенті) көрсеткіші дәлелдейді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 2,34-ке жетті. Бұл NU зерттеушілерінің еңбектері әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда екі есе жиі дәйексөз келтірілетінін білдіреді. Ал Қазақстан бойынша орташа FWCI – 1,17, яғни отандық зерттеулер жаһандық деңгейден 17% жоғары. Бұл жетістік NU профессор-оқытушылар құрамының сапасының өскенін де көрсетеді: қазіргі кезде олардың 30%-дан астамы – PhD дәрежесі бар қазақстандықтар. Салыстыру үшін, алғашқы жылдары бұл көрсеткіш 10%-дан төмен болған.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025