барлық жаңалықтар
16 қазан 2024 ##NUnews

NU-ға түсудің жаңа мүмкіндіктері

NU-ға түсудің жаңа мүмкіндіктері

16 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-зерттеу университеті NU университет алдындағы дайындық бағдарлама және бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.

Nazarbayev University (NU) үміткерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы ең дарынды талапкерлерді тартуға ұмтылады. Биылдан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бағдарламасына, бакалавриат пен магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен ағылшын тілін білуге ​​қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер енгізілді.

Коммерциялық негізде қабылдау тәртібі жеңілдеді. Осылайша,  университет алдындағы дайындық бағдарлама және бакалавриат бағдарламалары үшін IELTS нәтижелерін ең төменгі жалпы балл 5,5 және 6,0 немесе TOEFL iBT сәйкесінше 46 және 60 балл жеткілікті. Қосымша емтихандар жоқ. Ақылы негізде магистратураға түсетіндер үшін ең төменгі талаптар - IELTS 6.0 немесе TOEFL iBT 60.

Жылына оқыту құны бағдарламаға байланысты және жылына 5 808 000 теңгеден басталады. 

Тағы бір өзгеріс мотивациялық хатқа қатысты. Енді кез келген бағдарламаға өтініш бергенде эссе талап етілмейді.

Грант алу үшін қабылдау тәртібі жалпы өзгеріссіз қалды. Үміткерлер NUET, SAT/ACT (кем дегенде 1240/26), IВ Diploma, A-level/NIS 12-сынып сертификаты немесе халықаралық және/немесе ұлттық пәндік олимпиада жеңімпаздарының дипломымен бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндігі бар. IELTS/TOEFL үшін ең төменгі талап – 6.0/60.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына грант алу конкурсына қатысу үшін IELTS нәтижелері ең төменгі талап 5,5 балл немесе TOEFL iBT 46 балл болуы керек. Сондай-ақ NU Entrance Test (NUET) нәтижелерін де тапсыру керек. Бұл тест академиялық дайындықты, математикалық білімді және сыни ойлау дағдыларын бағалайды. Әдетте ол Қазақстанның қалаларында ақпан және наурыз айларында өткізіледі. Күндер мен қалаларды жіберіп алмау үшін университеттің ресми сайтындағы хабарландыруларды қадағалау маңызды. Үміткерлер жинаған баллдары  мен IELTS/TOEFL бойынша қабылданады. Гранттар жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінеді. Олардың саны мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты.

Қабылдау және құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін NU веб-сайтындағы хабарландыруларды қадағалаңыз. Естеріңізге сала кетейік, университет Times Higher Education рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік зерттеу университеттерінің 24-29%-ының қатарына кіріп Орталық Азиядағы ең үздік университет болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар