2 мамыр 2023
Осы мақаламен бөлісіңізNU студенттері Қазақстан нарығында ұсынылған француз компанияларының базасында өндірістік немесе ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
2023 жылғы 2 мамырда Франция-Қазақстан Үкіметаралық экономикалық комиссиясының 15-ші отырысы барысында француздық Alstom және Air Liquide компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге/меморандумдарға қол қойылды.
Құжаттарға қол қою 2022 жылғы қарашадағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру шенберіңде болды. Назарбаев Университеті, Лотарингия университеті және Total Energies, Alstom, Air Liquide атты үш француз компаниялары Қазақстан мен Франция мемлекеттері басшыларының қатысуымен Парижде өткен бизнес-форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Францияға ресми сапары аясында 2022 жылдың 29 қарашасында ынтымақтастық туралы үшжақты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Тараптар Назарбаев Университетінде Технологиялық артықшылық орталығын құру туралы келісті. Сонымен қатар үшжақты ынтымақтастық инженерлік және геология студенттерімен алмасу мүмкіндігін ашады.
Қол қойылған құжаттар аясында студенттер Қазақстан нарығында ұсынылған француз компанияларының базасында өндірістік немесе ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Компаниялардағы тағылымдамалар студенттердің практикалық тәжірибе алуына ғана емес, сонымен қатар осы компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне жағдай жасауға бағытталған. Мұндай шаралар Қазақстанда білікті адам ресурстарын дайындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жыл сайынғы отырысы аясында Назарбаев Университетінің базасында Декарбонизация күнін өткізу жоспарлануда.