барлық жаңалықтар
22 қараша 2024 #NUgoesGLOBAL#NUnews

NU делегациясы Бішкекте өткен Орталық Азия университеттері ректорларының Үшінші форумына қатысты

NU делегациясы Бішкекте өткен Орталық Азия университеттері ректорларының Үшінші форумына қатысты

22 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Форум өңірдегі жоғары білімді трансформациялау мәселелеріне арналды.

NU Вице-президенті Қадиша Даирова және Интернационалдандыру департаментінің директоры Әлия Қаймолдинова Қырғызстан астанасы Бішкекке өткен «Жаһандық сын-қатерлер контекстінде Орталық Азия университеттерін трансформациялау» атты 3-ші Халықаралық ректорлар форумына қатысты.

Жоғары білім саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсететін шара 20 қарашада Қырғыз Республикасы Президентінің резиденциясында өтті. Форум жұмысына Білім және ғылым министрліктерінің негізгі өкілдері, сондай-ақ Орталық Азияның бес елінен келген университет басшылары қатысты. Пленарлық отырыстар Орталық Азия университеттерін трансформациялау, заманауи университеттердің дамуын қолдау үшін білім, ғылым және бизнесті интеграциялау, сондай-ақ экономиканы жаңғыртуды ынталандырудағы зерттеу университеттерінің рөлі сияқты маңызды тақырыптарға арналды. Сонымен қатар, форумда цифрлық білім беру бүкіл өңірдегі жоғары білім берудің болашақтағы дамуының негізгі векторы болып табылатыны атап өтілді.

Форумның маңызды сәті қатысушы университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды құжаттарға қол қою болды. Келісімдер арасында NU академиялық ынтымақтастықты және студенттермен алмасуды нығайту мақсатында Қырғызстанның жетекші оқу орындарының бірі "Манас" қырғыз-түрік университетімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

NU мен «Манас» қырғыз-түрік университеті арасындағы ынтымақтастық Еуразиялық және түркологиялық зерттеулерге, тарихқа, халықаралық қатынастарға және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық және инженерлік салаларға ерекше назар аудара отырып, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Осы серіктестік аясында екі университет те академиялық және әкімшілік персоналмен өзара алмасуға, бірлескен ғылыми бастамаларға және ғылыми конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар ұйымдастыруға қатысады. 

Сонымен қатар, сапар барысында NU делегациясы Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы, «Манас» қырғыз-түрік университеті, Орталық Азия Университеті және Орталық Азиядағы Америка Университеті сияқты бірнеше жетекші оқу орындарында болды. 

Ұқсас жаңалықтар