барлық жаңалықтар
10 қазан 2025 #Оқиғалар

NU-да Қазақстандағы медициналық білім беруді дамыту талқыланды

NU-да Қазақстандағы медициналық білім беруді дамыту талқыланды

10 қазан 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

9 қазан күні Nazarbayev University Медицина мектебінде (NUSoM) Қазақстандағы медициналық білім беру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов қатысты.

Талқылауға сондай-ақ денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, NU вице-президенті Кадиша Даирова, елордалық ауруханалардың бас дәрігерлері, сондай-ақ NUSoM мен Астана медицина университетінің резиденттері қатысты.

«Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимылы: қолжетімділік және өзара мүдделестік» тақырыбындағы дөңгелек үстел медициналық білім берудегі өзекті мәселелерге арналды. Елорда университеттерінің резиденттері өздері тап болатын қиындықтарын туралы жеткізіп, ұсыныстар беріп, мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдардың өкілдері оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылады.

Асхат Аймағамбетов өз сөзінде: «Біз жуырда ғана заң жобасын алдық. Жазда Қарағанды медицина университеті базасында Денсаулық сақтау министрлігімен оның жетілдірілуіне қатысты идеяларды белсенді талқыладық. Алайда медициналық білім беруді қалай реформалау керектігін толық түсіну үшін әлі де жұмыс істеу қажет. Қайшылықтар бар, және бүгін біз сол сұрақтардың кейбірін нақтылағымыз келеді», — деді.

Өз кезегінде Кадиша Даирова университеттің автономиясы мен академиялық еркіндігі болғанымен, ол жүйедегі өзгерістерден шет қалмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа модель енгізу кезінде әріптестермен бірлесе отырып, оны дамыту мен іске асыру процесіне белсенді қатысу маңызды.

 

Ұқсас жаңалықтар