барлық жаңалықтар
2 шілде 2024 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

NU-да Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығының филиалы – KazCDA құрылды

 NU-да Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығының филиалы – KazCDA құрылды

2 шілде 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы APCDA-мен бірге қол қойылған келісім аясында қазақстандық университеттермен мансап құру бойынша білім беру бастамаларын дамытуда жетекші рөл атқаратын болады.

Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) – америкалық коммерциялық емес ұйым. Ол өңірдегі мансапты дамыту жөніндегі сарапшыларды бір-бірімен байланыстырып, кәсіби бағдарлаумен айналысатын мамандарға идеялар, зерттеулер және мансапты дамыту әдістерін алмасу мақсатында жаһандық платформа ұсынады.

APCDA-ның қазақстандық филиалы мансапты дамыту тәсілдерін қалыптастыруға және  еліміздің студенттерін табысты мансапқа дайындау сапасын арттыруға, кәсіби алмасу мен ынтымақтастыққа ықпалдасуға, сондай-ақ кәсіптік бағдар берумен айналысатын мамандардың халықаралық ресурстар мен озық тәжірибелерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

18 маусымда қауымдастықтың 16 мүшесінің қатысуымен өткен қазақстандық филиалдың бірінші ресми отырысында KazCDA-ның даму стратегиясы мен серіктестікті нығайту, хабардар ету деңгейін көтеру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және географиялық қамтуды кеңейту жоспарлары таныстырылды. NU Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы ұйымдастырған шара Қазақстанның 8 қаласынан келген 13 университет өкілдерін жинады. Бұл KazCDA бастамаларына және жалпы ел бойынша мансапты өсіруге деген қызығушылықтың зор екенін көрсетеді.

Жиында филиалдың тұсауы кесіліп, KazCDA-ға мүшелік етудің ресурстар мен материалдарға тегін қолжетімділік, іс-шараларға қатысуға жеңілдіктер сияқты артықшылықтары айтылды. NU Мансап және кәсіптік бағдарлау  орталығының өкілдері өздері қатысқан биылғы сәуір айында өткен APCDA-2024 конференциясы туралы айтып, ойларымен бөлісті.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, KazCDA-ның бірінші отырысы Қазақстанда және одан тыс жерлерде кәсіби дайындық пен мансап бойынша өсуді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Филиал білім беру және мансаптық бағдарламаларды әзірлеумен қатар, Орталық Азия елдерінің университеттерімен және ұйымдарымен серіктестік орнатуды көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар