18 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізТүркияның Жоғары білім жөніндегі кеңесі (Yükseköğretim Kurulu) Nazarbayev University-ді аккредиттелген жоғары оқу орындарының ресми тізіміне енгізді.
Енді Университеттің дипломы Түркияда ресми түрде танылады.
Бұл шешім Шетелдік жоғары оқу орындарының дипломдарын тану және баламалылығын айқындайтын ережеге (Official Gazette, 2017 жылғы 5 желтоқсан) сәйкес кешенді сараптамадан кейін қабылданды. Осылайша NU-дың Түркиядағы академиялық дәрежелерді беру құқығына қойылатын талаптарға сай келетіні расталды.
Аталған қадам Университет студенттері мен түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар ол NU мен Түркия арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтып, шетелдік талапкерлер үшін университеттің тартымдылығын арттырады әрі NU түлектерінің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін кеңейтеді.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025