барлық жаңалықтар
12 сәуір 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

Назарбаев Университеті мен Қазақстандағы БҰҰДБ меморандумға қол қойды

Назарбаев Университеті мен Қазақстандағы БҰҰДБ меморандумға қол қойды

12 сәуір 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Тараптар ғылыми ортада гендерлік теңдікті ілгерілету жолында күш біріктіреді.

Назарбаев Университет және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған университеттер альянсын құруды көздейтін меморандумға қол қойды. Альянс оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен студенттерді біріктіріп, озық тәжірибемен бөлісу, зерттеулер жүргізу мен гендерлік теңдікті ілгерілетуге арналған платформа болады.

Назарбаев Университеті әлемдік жетекші ұйымдармен кеңесе отырып, гендерлік теңсіздікпен күресу және академиялық қауымдастық пен жалпы қоғамдағы қудалаудың алдын алу бойынша өз бастамаларын кеңейтуде. БҰҰДБ-мен ынтымақтастық қазақстандық қоғамның осы проблемалар мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардарлығын кеңейтуге бағытталған.

Назарбаев Университеті гендерлік теңдікке және әйелдердің барлық салаларда, соның ішінде білім беру саласында ілгерілеуіне қатысты өзекті тақырыптар бойынша ауқымды зерттеулер жүргізеді. Университеттегі Гендерлік ғалымдар консорциумы (GenCon) әртүрлі тақырыптарды талдайды. Сондай-ақ оның ғылыми жобалары STEM кәсіптеріндегі әйелдер өкілдігінен бастап мансаптық өсудегі кедергілерге және балаларға арналған оқулық материалдарындағы гендерлік көрсетілім дейінгі тақырыптарды қамтиды.

Жалпы айтқанда, Қазақстандағы ғылыми қоғамдастық мүшелерінің жартысынан астамын әйелдер құрайды. Алайда, докторантурадан оқудан шығып кететін әйелдердің жоғары үлесі мен топ-менеджерлер арасындағы әйелдер үлесінің төмендігі жүйенің дұрыс жұмыс істемейтіндігіне меңзейді. Жоғары білім беруді басқару мәселесіне гендерлік көзқарас және мұндай теңсіздіктің түпкі себептерін уақтылы анықтай отырып, жоғары оқу орындары бұған дейін тасада жүрген әйелдердіңпайдаланылмаған әлеуетінен пайда көре алады.

«Назарбаев Университеті соңғы 13 жыл бойы білім беру реформасының алдыңғы шебінде келе жатыр. Тәсілдерімізге жаңа көзбен қарап, гендерлік теңсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешуге батыл күш салатын уақыт келді деп санаймыз. Ең бастысы, гендерлік мәселелерді жан-жақты ескеру саласында жинақталған тәжірибемізбен бөлісіп, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарымен бірге бұрын ойлап-күтпеген алшақтықтарды анықтауымыз керек», – деді НУ Президенті Шигео Катсу.

Альянстың негізгі мақсаты - түрлі стратегиялар мен саясатқа гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу бойынша ұзақ мерзімді жол картасын бірлесіп әзірлеу мақсатында Қазақстанның мүдделі жоғары оқу орындарының ресурстары мен білім-тәжірибесін пайдалануға және біріктіруге ұмтылады.

«Жоғары оқу орындары – болашақ көшбасшылар, инноваторлар мен қоғамдық пікірге әсер етушілер білім алатын орын. Жоғары оқу орындарында гендерлік теңдікті ілгерілету арқылы біз бүкіл қоғамға жөн сілтейміз, бұл сайып келгенде экономикаға оң әсер етеді», – деді БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

«UN Women» ұйымымен бірлесіп, NU Гендерлік Ғалымдар Консорциумның тең құрылтайшылары доктор Дженнифер Льюис пен доктор Анна КоэнМиллер Назарбаев Университетінде гендерлік теңдік пен тең мүмкіндіктер тұрғысынан жақсартудың нақты бағыттарын анықтау үшін оқу бағдарламасына гендерлік аудит жүргізді. «Біздің зерттеулеріміздің көптеген нәтижелері болашақ Университеттік Альянстың жоспарлы жұмысымен сәйкес келеді деп айтуға болады, соңдықтан біз университетіміздің және Қазақстанның бүкіл жоғары білім беру қауымдастығының игілігі үшін оның дамуын ілгерілетуге ниеттіміз», - деді доктор Дженнифер Льюис.

Назарбаев Университеті мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы гендерлік теңдік мәселелері мен алымсақтықтың алдын алу мәселелері бойынша алғашқы бірлескен кеңес өткізілген кезде басталды. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде студенттер, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлері арасында тең мүмкіндіктер мен қауіпсіз жұмыс ортасын құру жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланды.

БҰҰДБ 2019 жылдан бастап «гендерлік сертификация» бағдарламасы шеңберінде гендерлік мәселелерді жан-жақты ескеру жөніндегі жұмысы арқылы дүние жүзі бойынша мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдарға қолдау көрсетіп келеді. Өз тарапынан БҰҰДБ гендерлік мәселелерді жобалар бойынша жұмыс, ақпарат алмасу, операциялық қызмет және т.б. сияқты БҰҰДБ жұмысының барлық аспектілеріне енгізген. Тәжірибе көрсеткендей, бір-бірімен қиылысатын гендерлік теңсіздік мәселелерін шешудің мұндай біртұтас тәсілі – нақты нәтижелерге қол жеткізудің ең тиімді жолы.

БҰҰДБ мен НУ арасындағы келісімге сәйкес, тараптар іс-қимыл жоспарын әзірлеп, ғылыми ортадағы гендерлік мәселелерді жан-жақты ескерудің ең тиімді тәсілдерімен барлық мүдделі жақтармен бөлісу үшін платформаны құруды бастайды.

Ұқсас жаңалықтар