барлық жаңалықтар
14 қыркүйек 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

Назарбаев Университеті мен KENTECH университеті (Оңтүстік Корея) Меморандумға қол қойды

Назарбаев Университеті мен KENTECH университеті (Оңтүстік Корея) Меморандумға қол қойды

14 қыркүйек 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Меморандум академиялық байланыс пен студенттер мен оқытушыларды алмасу бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты көздейді.

2023 жылғы 14 қыркүйекте Назарбаев Университеті Корея энергетикалық технологиялар институтымен (KENTECH) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі жас, прогрессивті университеттің өкілдері құжатқа өз қолдарын KENTECH делегациясының NU кампусына сапары барысында  қойды.

Қол қойылған меморандум аясында тараптар бірлескен академиялық іс-шараларды, энергетикаға қатысты салаларда оқытушылар мен студенттерді алмасу бағдарламаларын өткізуде ынтымақтастыққа келісті. Тараптар екі университеттің құндылықтары ұқсас, білім беру мен зерттеулерде озық болуға ұмтылатының атап өтті. 

Оңтүстік Кореядан келген қонақтарды қарсы алған NU Президентінің міндетін атқарушы доктор Илесанми Адесида жаһандық тұрақты энергетика секторына үлес қосу және жаңартылатын энергия саласындағы серпінді шешімдерді ілгерілету үшін екі университет арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын туралы сөз сөйледі. Бұл Қазақстанның қол қойылған Париж келісімінің бөлігі ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысы тұрғысынан ерекше маңызды, деп атап өтті доктор Адесида. Назарбаев Университеті құрылған күннен бастап Қазақстан Республикасының басымдықтарына сәйкес шетелдік және қазақстандық университеттерімен және өнеркәсіппен серіктестікте энергетикалық ресурстарды құруға және жақсартуға бағытталған іргелі, қолданбалы және коммерциялық әзірлемелерді әзірлеуде. Осылайша, NU өз мектептерінің, ғылыми орталықтары мен зертханаларының қызметін дамыта отырып, болашақ, таза және тиімді дамуға қолданылатын физика, химия, материалтану, ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғылыми орталықтардың біріне айналуға ұмтылады. 

KENTECH – 2021 жылы Оңтүстік Корея үкіметі негізін салған заманауи, жоғары мамандандырылған энергетикалық зерттеу университеті. Институт болашақ энергетикалық зерттеулерге жетекшілік етіп, Оңтүстік Кореяның энергетикалық кластерінің орталығына айналуды мақсат етеді. Институттың негізгі академиялық мақсаты – 2050 жылға қарай энергетика саласындағы әлемнің үздік 10 университетінің қатарына кіру.

Кездесу барысында Оңтүстік Корея делегациясының басшысы, KENTECH энергетикалық материалдар мен құрылғылар институтының директоры, профессор Ду Сок Гван  Назарбаев Университетінің жоғары рөлін атап өтті. «Біз Назарбаев Университеті мен KENTECH арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып жатқанына өте қуаныштымыз. Менің ойымша, біздің университеттердің стратегиялық сенімдерінде ортақ көп нәрсе бар. Олар инновацияларға, халықаралық дамуға және ынтымақтастыққа ұмтылатын жаңа прогрессивті жоғары оқу орындары. Біз Назарбаев Университетінің тамаша беделін, академиялық жетістіктерге деген ұмтылысы туралы білеміз».

Бүгінгі таңда Кореяның энергетикалық технологиялар институты студенттерге бағытталған оқыту мен оқу тәсілдерінің соңғы инновацияларына мұрындық болып, Minerva бағдарламасын ресми оқу жоспары ретінде қосқан және жоғары технологиялық оқу ортасын жасаған Кореяның алғашқы университеті болып табылады. KENTECH жаңа энергетикалық технологиялар саласындағы қарқынды бірлескен зерттеу қызметі арқылы қауіпсіз және таза энергияға негізделген қоғамға көшуді жеделдетуге бағытталған.

Осы орайда KENTECH тарапы Назарбаев Университетінің өкілдеріне бірлескен зерттеу алаңын құруды ұсынды. Университеттер академиялық күш-жігерді біріктіруге, энергетикалық технологияларды ілгерілету үшін зерттеушілер арасындағы ынтымақтастықты және Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның энергетика және технология салаларындағы ынтымақтастығын арттыруға келісті.

Ұқсас жаңалықтар