барлық жаңалықтар
3 сәуір 2023 ##NUgoesGLOBAL

Назарбаев Университеті Әзірбайжанның ADA Университетімен ыңтымақтастық орнатты

Назарбаев Университеті Әзірбайжанның ADA Университетімен ыңтымақтастық орнатты

3 сәуір 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Екі университет өкілдері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар екі университет арасындағы академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми жобалар, кәсіби дамуды күшейту, студенттермен алмасу және жазғы мектептер бойынша ынтымақтастық және тағы да басқа бағыттарын белгіледі. 2022 жылдың қыркүйегінде Жаһандық қатынастар офисінің басшысы Алия Каймолдинова бастаған NU өкілдері Әзірбайжандағы орналасқан университеттерімен институционалдық байланыстарды орнату мақсатында іссапармен ADA Университетіне барды.

ADA Университеті  - Әзірбайжан Дипломатиялық академиясы мен Ақпараттық технологиялар университетінің қосылуы нәтижесінде 2014 жылы құрылған жас университет. Әзірбайжанның дамыған оқу орындарының бірі болып саналатын университеттің әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны болуға деген ұмтылысы бар. Бүгінгі таңда университет қоғамдық және халықаралық қатынастар, бизнес, IT және инженерия, білім және құқық сияқты салаларда зерттеуге бағытталған бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Пәндер Назарбаев Университетіндегідей ағылшын тілінде оқытылады. Студенттік ұжым шамамен 2500 студенттен тұрады, олардың 6% (150) халықаралық студенттер.

Ұқсас жаңалықтар