барлық жаңалықтар
3 тамыз 2017 Оқиғалар

Назарбаев Университеті Қытай Халық Университетімен бірлесіп Қазақстандық – Қытайлық Жастар көшбасшылығы бағдарламасын өткізді

Назарбаев Университеті Қытай Халық Университетімен бірлесіп  Қазақстандық – Қытайлық Жастар көшбасшылығы  бағдарламасын өткізді

3 тамыз 2017

Осы мақаламен бөлісіңіз

Сіз өз өміріңізде тым болмаса, бір рет қытай операсы актерлерінің маскаларын бояп, тай чи әдісін қолданып көрдіңіз бе, ал келесі күні достарыңызбен «Қазақша күрес» ережелері бойынша күресіп, салт атқа отырып, садақ тарттыңыз ба?

Сіз өз өміріңізде тым болмаса, бір рет қытай операсы актерлерінің маскаларын бояп, тай чи әдісін қолданып көрдіңіз бе, ал келесі күні достарыңызбен «Қазақша күрес» ережелері бойынша күресіп, салт атқа отырып, садақ тарттыңыз ба?
Назарбаев Университетінің (НУ) 14 студенті және Қытай Халық Университетінің (ҚХУ) 15 студенті бағдарламаға қатысып, Қытай мен Қазақстан елдерінің бай мәдениетін зерделеу мен тану мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаның мақсаты мәдени мұраға терең бойлау және екі елдің экономикалық дамуын зерделеу мен жастардың «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы және ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне сәйкес болашақ энергетика саласының дамуындағы рөлін ой елегінен өткізу болып табылады.

Қытай еліндегі бағдарламаның мәдени бөлімі 2 – 13 шілде аралығында Бейжің қаласында ҚХУ қалашығында өтті. Лекцияларға қосымша, студенттер 2008 жылы Олимпиада ойындарына арнайы салынған рухты еліктіретін стадионда болу, қытай императорлары туралы білу үшін Жабық қалаға барып, Ұлы қытай қорғанының көрінісін тамашалаудан ләззат алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл әсерлер және тәжірибе Қытай тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін ең үздік жағынан көрсете білді. Бағдарлама қатысушылары тұмса табиғаты мен ежелгі сәулеті бар Сужоу қаласындағы ҚХУ-дың екінші қалашығында болып қайтты.

Қазақстандағы бағдарламаның мәдени бөлімі 14 – 25 шілде аралығында өзінде Қазақстанның әртүрлі халықаралық мекемелеріндегі рөлі және энергетика, қоршаған орта және климат саласындағы Назарбаев Университетінің жобалары мен оқу тақырыбындағы лекцияларды қамтыды. Бұған қоса, студенттер Ұлттық талдау орталығы мен «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын құрастыратын зауытта болды. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Швейцариясы – Бурабай жеріне және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне сапарды қамтыды.

Біз осы үш апталық мәдени бағдарлама студенттеріміздің ой-өрісін кеңейту, құрдастарымен ұзақ мерзімді достық қарым-қатынастар орнату нәтижесінде осы бағдарламадан алған сабақтары оларға жаһандық даму, өркендеу, бейбітшілік пен екі ел арасындағы халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Ұқсас жаңалықтар