28 наурыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері ұйымдар арасындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
Ұлттық палата төрағасы Райымбек Баталов университеттің инфрақұрылымымен, оқу бағдарламаларымен, сондай-ақ университетті дамыту жоспарларымен танысты.
Орталық Азияның жетекші оқу орнымен таныстық Импульстик үдеткіш зертханасынан басталды, онда i-NURA (Nazarbayev University’s Research Accelerator) үдеткішінде қысқа мерзімді ион өндіріледі. Ол материалдарға өте жылдам әсер етуге көмектеседі. Зертхана Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасымен (АҚШ) және басқа серіктестермен бірлесіп құрылған. Мұнда әртүрлі материалдардың функционалдық қасиеттерінің тиімділігін арттыру саласында озық зерттеулер жүргізіледі.
Геномдық және дербестендірілген медицина зертханасында келген қонаққа Орталық Азия популяцияларының генетикалық зерттеулері, сондай-ақ Қазақстандағы негізгі мультифакторлық аурулардың молекулалық механизмдерін және биомедицинада, спорттық генетикада және ауыл шаруашылығында қолданбалы генетиканың дамуын зерттеу туралы айтылды.
Профессор Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты жасаудағы жетістіктері туралы айтты – препарат KRAS мутантты қатерлі ісік жасушаларын өлтіреді. Препарат клиникалық сынақтардың екінші сатысында және өзінің тиімділігін көрсетті.
Профессор Жұмабай Бәкенов ішкі нарықты және өнімді халықаралық нарыққа экспорттауды қамтамасыз ету мақсатында отандық шикізат (никель, кобальт, марганец) негізінде литий-ионды аккумуляторларға арналған катодты материалдар прекурсорларының пилоттық өндірісінің әзірлемелерімен бөлісті. Бұл Қазақстанда литий-ионды аккумуляторлар үшін жоғары технологиялық материалдар өндірісін дамытуда стратегиялық маңызға ие.
Электронды микроскопия зертханасының жетекшісі профессор Александр Арбуз материалдарды атомдарға дейін зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи супермикроскоптардың мүмкіндіктері туралы айтты, бұл медицина мен биологиядан материалтану, физика және инжинирингке дейінгі көптеген мәселелерді шешуге жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.
Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) әзірлеушілер тобы Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына қосқан үлестері туралы бөлісті. Мұнда жасанды интеллект негізіндегі өнімдер мен қызметтердің маңызды құрамдас бөліктеріне айналатын цифрлық ресурстар жасалады. Атап айтқанда, ISSAI KAZ-LLM үлкен тілдік моделі, SoyleApp сапалы аудармашысы, сондай-ақ Oylan тілдік көру моделі бойынша жобалар іске асырылды. Институт мультимодальды генеративті жасанды интеллектті одан әрі дамытуға ниетті.
Университеттің атқарушы вице-президенті Аслан Сәрінжіпов университеттің Deep Tech инновациялық ғылыми кластерін дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті, онда кеңселер, зертханалар, өндірістік алаңдар орналасады, StartX, TusPark, Technopolis және басқа да ірі халықаралық хабтармен ынтымақтастық көзделеді. Өткен жылы NU қолдауымен бес қазақстандық стартап стэнфордтық StartX-те акселерация үшін таңдалды.
«Атамекен» басшысын энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіптік және медициналық кластерлер құру бойынша ынтымақтастық перспективалары қызықтырды: Райымбек Баталовтың айтуынша, ғылым мен коммерцияландырудың өзара мүдделері бар, ал «Атамекен» ғылыми әзірлемелер идеяларын бизнеске бере алады. Заманауи MBA, EMBA, MSF, PhD, BBA білім беру бағдарламаларын және қысқа мерзімді корпоративтік бағдарламаларды ұсынатын әлемдегі бизнес мектептерінің үздік 3%-ына кіретін Жоғары бизнес мектебімен ынтымақтастық жасауға болады.