барлық жаңалықтар
25 қараша 2024 #NUgoesGLOBAL#NUstudents#NUnews

NU студентері Үндістанда өткен AUA-ның биылғы жастар форумына қатысты

NU студентері Үндістанда өткен AUA-ның биылғы жастар форумына қатысты

25 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University-дің бес студенті Мумбайдағы Үнді технологиялық институтында (IIT) өткен Азия елдерінің университеттері альянсының (AUA) 2024 жылғы жастар форумына қатысты.

Форум «Дәрі-дәрмек пен дербес медицинаны дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбына арналып, денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктерді зерттеуге бағытталған практикалық семинарлар мен кездесулерді қамтыды.

Форумға Азия елдерінің университеттері альянсына (AUA) мүше оқу орындарынан 30-дан астам студент қатысты, олардың қатарында NU-дың Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінен Ілияс Изнат, Диана Бекешова, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінен Әлтайыр Қосымбаев, Досбол Еран, сондай-ақ Медицина мектебінен Диана Найман бар.

Ілияс Изнат сапардан алған әсерімен бөлісті: «AUA-ның 2024 жылғы жастар форумынан ұмытылмастай әсер алдым. Оңтүстік Корея, Тайланд, Жапония және Малайзия сияқты әртүрлі елдердің студенттерімен танысып, тәжірибе жинадым. Форумға қатысушылардың назары инновациялық зерттеулерде болды, оның ішінде чип түріндегі ағза мүшелері модельдерін құру көбін ерекше қызықтырды. Біз сондай-ақ дәрі-дәрмектің әсерін модельдеу үшін математикалық модельдеуді қалай қолдануға болатынын білдік. Мен ұйымдастырушыларға және университетіме осындай керемет мүмкіндік үшін алғыс айтамын».

AUA-ның 2024 жылғы жастар форумы мазмұнды әрі қызықты өтті, атап айтқанда, қатысушылар дәрістерге қатысып, түрлі зертханаларға баруға, студенттер арасындағы пікірталастарға және практикалық сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Мумбай қаласы бойынша экскурсияға қатысты. Бағдарлама дербес медицина мен дәрі-дәрмектерді дамытудағы озық жетістіктерге арналды. Форум аясында салалық сапарлар да ұйымдастырылды, бұл студенттерге озық технологиялардың нақты жағдайларда қалай қолданылатынын өз көзімен көруге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралардың арқасында қатысушылар денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмек салаларының дамуын қалай өзгертуге болатыны туралы теориялық та, практикалық та білім алды. Бұл тәжірибе денсаулық сақтау саласындағы жаһандық шешімдерді ілгерілетуде мәдени алмасу мен академиялық ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.

 

Ұқсас жаңалықтар