барлық жаңалықтар
5 тамыз 2024 #Оқиғалар#Ғылым##NUgoesGLOBAL

Наноматериалдар мен энергия сақтау жүйелерін зерттейтін әлемдік зерттеушілер NU-да бас қосады

Наноматериалдар мен энергия сақтау жүйелерін зерттейтін әлемдік зерттеушілер NU-да бас қосады

5 тамыз 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

2024 жылғы 7-9 тамызда Астанада XII Халықаралық наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелері бойынша конференция (INESS-2024) өтеді.

Шара ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдық мерейтойына арналған. Оған Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбритания, Тайвань, Қазақстан және т.б. елдерден келген 150-ден астам ғалым қатысады деп күтілуде. Бұл туралы толығырақ Энергия сақтау жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және «Аккумуляторлар институты» ЖШС басшысы Нұржан Өміров Kazinfrom журналисіне берген сұхбатында айтты.

INESS-2024 конференциясында қандай тақырыптар талқыланады және қайсысы ерекше өзекті?

INESS конференциясы – NU профессоры Жұмабай Бәкеновтің бастамасы, ол 2013 жылдан қазірге дейін Орталық Азиядағы наноматериалдар мен энергия сақтау жүйелеріндегі соңғы трендтерді талқылауға арналған жетекші алаңға айналған. Биылғы INESS-та энергия сақтау жүйелеріне арналған озық материалдар, сенсорлық материалдар мен технологиялар, баламалы энергия сақтау жүйелері, жаңартылатын энергия көздері, экология және тұрақты даму сияқты маңызды салалардағы технологиялық серпіліс проблемалары мен перспективалары талқыланбақ. Жасыл энергия мен көлік саласындағы прогресті анықтайтын келесі кезеңдегі энергия сақтау жүйелеріне арналған озық наноматериалдар бойынша зерттеулер әсіресе өзекті.

INESS-2024 конференциясына Ұлыбритания, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань, Ресей және Қазақстан ғалымдары қатысады. Панельдік сессиялар Osaka University (Жапония), Skoltech (РФ), Warwick University (Ұлыбритания) және т.б. оқу орындарының жетекші ғалымдарының, сондай-ақ өнеркәсіптегі демеуші компаниялардың (MNLabtech, Faraday Factory Japan, Interactive Corp., Netzsch және т.б.) өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Конференциядан не күтесіз?

Конференция наноматериалдар мен энергия сақтау жүйелері саласындағы жаңа ғылыми жаңалықтардың катализаторы болып, сондай-ақ жаңа серіктестіктер орнатып, ғылыми зертханалар мен орталықтар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтады деп үміттенеміз. Бұл шараға қазақстандық жас ғалымдар мен студенттердің қатысуы да маңызды, бұл оларға халықаралық форум атмосферасын сезніп, әртүрлі елдердің жетекші ғалымдарымен тілдесуге мүмкіндік береді.

Конференция барысында қандай да бір инновациялық әзірлемелер таныстырыла ма?

Иә, INESS-2024 конференциясында наноматериалдар мен энергия сақтау технологиялары саласындағы инновациялық әзірлемелер таныстырылады деп күтілуде, әсіресе литий-иондық және натрий-иондық батареялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі әзірлемелер ұсынылмақ. Бұл технологиялардың кейбірі коммерцияландыру алдында тұр. Біздің зерттеу тобымыз, Battery Group Nazarbayev University, конференцияның барлық тақырыбы бойынша әзірлемелерін танысытырмақ; олардың кейібірі бойынша біз әлемде көш бастап тұрмыз. Мысалы, біз Оңтүстік Кореядағы зерттеу топтарымен бірлесіп, наноқұрылымды материалдарды әзірлеу үстіндеміз. Олар жақсы нәтиже көрсетіп, коммерцияландыру әлеуеті зор екенін көрсетті.

Зерттеушілер шешуге тырысып жатқан ең үлкен мәселелер қандай?

Негізгі мақсаттар ретінде материалдардың сапасы мен қауіпсіздігі, өндіріс шығындарын азайту және экологиялық тұрақтылықты айтуға болады. Мысалы, біз қоршаған ортаға әсері аз болатындай етіп, батареяларды қайта өңдеу әдістерін қарастырып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – қалдықтарды азайту ғана емес, сондай-ақ құнды материалдарды өндіріске қайтару.

Наноматериалдар мен энергия сақтау технологияларын дамытуда академия мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық қаншалықты маңызды?

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды жеделдету және инновациялық табысқа жету мүмкіндігін арттыру үшін академия мен өндіріс арасындағы ынтымақтастық өте маңызды. Біздің топта әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында және халықаралық компанияларда тағылымдамадан өткен ғалымдардан жұмыс істейді. Мысалы, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры доктор Айшуақ Қонаров екеуміз Оңтүстік Кореяның жетекші зертханаларында жұмыс істеп, PhD дәрежесін алдық. Тағы бір әріптестесіміз Канадада Tesla компаниясының жетекші ғылыми кеңесшісінің басшылығымен тағылымдамадан өтуде. Біздің бірқатар әріптесіміз литий-ионды аккумуляторлар шығаратын халықаралық компанияларда жұмыс істейді.

Осы ғылыми саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасының саясатына немесе нормативтік-құқықтық базасына қандай өзгерістер қажет деп ойлайсыз?

Қазақстанда ғылымды дамыту үшін грант бағдарламалары арқылы зерттеу жұмыстарын қолдау, өнеркәсіпті инновациялық технологиялар мен материалдарға инвестиция салуға ынталандыру, сондай-ақ материалдарды орта және жоғары дәрежеде өңдеу жұмыстарына баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет. 

Сұхбатынызға рақмет!

 

Ұқсас жаңалықтар