
3 ақпан 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU студенттері Mechaton-да шынайы өндірістік мәселелерді шешіп көрді.
Бұл инженерлік мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге арналған хакатон. Шара аясында қатысушылар Airbus Helicopter Kazakhstan Engineering, Kazakhstan Paramount Engineering, Wabtec Corporation және Alstom сияқты ірі компаниялар ұсынған кейстермен жұмыс істеді.
132 студент өндіріс қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген техникалық тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Қатысушылар шынайы кейстермен танысудан бөлек, болашақ жұмыс берушілерімен жақсы қарым-қатынас орныта алды. Конкурс нәтижесі бойынша 12 команда серіктес компаниялардың таңдауымен жеңімпаз деп танылды.
Мұндай шаралар ЖОО білімі мен өндіріс арасында байланыс орнатып, біліктілігі жоғары жас инженерлер тапшылығы мәселесін шешеді.