25 қыркүйек 2025
Осы мақаламен бөлісіңізMajors Fair: бірінші курс студенттері өз жолын таңдауда.
NU-де дайындық бағдарламасы (NUFYP) студенттері мен бакалавриаттың бірінші курс студенттеріне арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Университет мектептері өздерінің академиялық бағдарламаларын таныстырып, студенттерге болашақ оқу бағытын айқындауға көмектесті. Жәрмеңкеде профессорлармен тікелей сөйлесуге, бағдарламалардың мерзімдері мен талаптары туралы білуге, зерттеу не тәжірибе тақырыптарын табуға, тіпті болашақ жобалық серіктестермен танысуға мүмкіндік болды.
«Мен әзірге Electrical және Mechanical Engineering арасында таңдау жасап жүрмін, бірақ міндетті түрде NU-де оқуды жалғастырғым келеді», - дейді NUFYP студенті Ғарифулла Дінмұхаммед.
Биыл екі жаңа мүмкіндік пайда болды: Жоғары бизнес мектебі ұсынған бизнес-администрлеу бакалавриаты және АҚШ жүйесі бойынша құрылған алты жылдық медицина бағдарламасы. Ол бағдарлама дәрігерге дейінгі дайындықты және төрт жылдық оқуды қамтиды, нәтижесінде студент MD (медицина докторы) дәрежесін алады.
«Бакалавриаттың бірінші курсында студенттерге мамандық таңдауын әлі де ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі. Университет мектептері арасындағы ауысу тек алғашқы оқу жылын аяқтаған соң ғана жүзеге асады. Егер студент таңдап алған бағдарламасының барлық талаптарын орындап үлгерсе, көктемгі семестрден кейін-ақ ауысу туралы шешім қабылдануы мүмкін», - деп түсіндірді NU Академиялық кеңес беру офисінің жетекшісі Айкерім Дауренбаева.
Бағдарламалар туралы ақпараттан бөлек, жәрмеңкеде интерактивті ойындар, викториналар және «Мамандық іздеу саяхаты» атты байқау өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.