26 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз22–23 тамыз күндері Астанада Климаттың өзгеруі мәселелері бойынша жастардың ұлттық конференциясы — LCOY Qazaqstan 2025 өтті.
Nazarbayev University-де өткен іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген жастар бастамаларының өкілдері, халықаралық серіктестер, сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Конференция гибридті форматта өтіп, офлайн және онлайн қатысушыларды біріктірді. Ол тәжірибе алмасу мен жастардың климаттық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызды алаңға айналды.
Екі күн ішінде жас экобелсенділер климаттың өзгеруіне байланысты ең өзекті мәселелерді талқылап, дәрістерге, панельдік пікірталастарға және практикалық сессияларға қатысты. Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі — халықаралық климаттық саясат және КС-30 қарсаңындағы жастардың рөлі болды. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар жаһандық үрдістерді талқылап, жастардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Сондай-ақ жастар өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында буындар арасындағы диалог ұйымдастырылып, климаттық мәселелерді шешудегі бірлескен жұмыс жолдары талқыланды.
Конференцияда ерекше назар экологиялық және климаттық белсенділікке аударылды. Қатысушылар Париж келісімінің мақсаттарына жетудегі жастар бастамаларының үлесін және тұрақты даму саласында жас көшбасшылардың мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын талдады. WEF-NEXUS пікірталасы аясында сарапшылар азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ климаттық өзгерістердің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсерін қарастырды.
Конференцияның екінші күні климаттық жобаларды әзірлеу және логикалық шеңберлерді дайындау бойынша шеберлік сабақтарын, сондай-ақ policy brief дайындау бойынша практикалық тренингтерді қамтыды. Сондай-ақ климаттың өзгеруіне Қазақстанның осалдық деңгейін бағалау әдістемелері, бейімделу стратегиялары және экологиялық бастамалардағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың рөлі талқыланды.
LCOY Qazaqstan 2025 конференциясының маңызды сәттерінің бірі Қазақстан Республикасының жастардың ұлттық мәлімдемесін КС-30-ға әзірлеу болды. Құжатта жас белсенділердің климаттық саясатқа қатысты ұсыныстары мен талаптары қамтылды және ол конференцияның соңғы күні қатысушылар тарапынан мақұлданып, қол қойылды. Сонымен қатар Tereshkevich Award 2025 аймақтық сыйлығының салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат Орталық Азия жас экобелсенділерінің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды үлесін мойындайды.
Конференцияны Nazarbayev University-дің Тұрақты даму офисі, Climate for Us, SDSN Youth Kazakhstan және NARXOZ University ұйымдастырды. Серіктестер қатарында UNICEF Қазақстан, ЮНЕСКО Алматы, БҰҰДБ, Friedrich-Ebert-Stiftung Kazakhstan Office, Ecoforum Kazakhstan және Орталық Азияның Климаттық желісі бар.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025