26 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізLife Sciences Today 2025 Конференциясы
17–19 қыркүйек аралығында Nazarbayev University қабырғасында National Laboratory Astana (NLA) құрамындағы Өмір туралы ғылымдар орталығының 15 жылдығына орай «Life Science Today 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты – биомедицина саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттар бойынша мәселелерді шешуге бағытталған іргелі және трансляциялық зерттеулерді қолдау.
Конференцияға АҚШ, Жапония, Еуропалық Одақ елдері және ТМД елдерінің жетекші ғалымдары, сондай-ақ қазақстандық ғылыми орталықтар, университеттер мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады. Олар биомедицинадағы жаңа идеялар мен соңғы жетістіктерімен бөліседі.
Бағдарламаның негізгі тақырыптары:
Геномика және дербестендірілген медицина;
Молекулалық онкология;
Регенеративті медицина және биоинженерия;
Микробиом және иммунитет;
Нейродегенеративті ауруларды зерттеу;
Физиология және метаболизм.
Конференция Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық қауымдастықпен әріптестікті кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналады.
Тезистерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін ұзартылды. Толық ақпарат – конференцияның ресми сайтында.