барлық жаңалықтар
14 маусым 2024 ОқиғаларҒылым#NUgoesGLOBAL

NU-да Қазақстан-Корея ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

NU-да Қазақстан-Корея ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

14 маусым 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Ли Чжон Хо кездесті.

Министрлердің қатысуымен ғылыми-техникалық және цифрлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге екі министрліктің өкілдері, сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «ҰАТ» АҚ өкілдері, Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) басшылығы, екі елдің университет қызметкерлері, сонымен қатар KAIST және басқа да жетекші Корей университеттерін бітірген үздік студенттер қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі болды. Тараптар екі ел арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды құруға мүдделілік танытты.

Министр Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасының еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға елеулі үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол Оңтүстік Кореяда білім алған бағдарлама түлектерінің бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін пайдалануға болатын бірегей білімі мен тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Министр Ли Чон Хо өз кезегінде Оңтүстік Кореяның ғылым мен технология саласындағы жетістіктерін атап өтіп, елдер арасында тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ екі елдегі академиялық ынтымақтастықты нығайтып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Дөңгелек үстел аясында қонақтар NU кампусы мен зертханаларының жұмысымен танысты. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Ғылым және АКТ министрлігі жанындағы Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) мен Ғылым министрлігі жанындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Ұқсас жаңалықтар