13 қараша 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU-ға жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастыру мақсатымен Қазақстанға аяқ басқан канадалық делегация келді.
Атап айтқанда, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Казақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп, Жезқазған қаласында «Ұлытау» техникалық университетін құруға канадалық мамандарды тарту бойынша жұмыс істеп жатыр.
Делегация құрамында Ontario Tech University, Thompson Rivers University, Kwantlen Polytechnic University және University of New Brunswick сияқты канадалық университеттер өкілдері болды. Сондай-ақ кездесуге «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ» ҚҚ өкілдері де қатысты.
NU президенті профессор Вакар Ахмад өзінің алғы сөзінде «Nazarbayev University ынтымақтастыққа жақсы көңіл бөледі. Басында біз Ұлыбритания, АҚШ және өңірдің жетекші оқу орындарымен стратегиялық ынтмақтастық орнатуды мақсат еткен едік. Алайда соңғы жылдары жетілгеннен кейін ынтымақтастықтың жаңа түріне көшу керегін түсіндік. Бүгінде бізде біліктілігі жоғары мамандар бар, тиімді жүйелер мен үдерістер жолға қойылған, сондай-ақ тәжірибеміз мол. Сол себепті біз бүгінде тең дәрежедегі оқу орындарының ынтымақтастығына көштік, мұнда ортақ зерттеу жұмыстарына база назар аударылмақ», — деді.
NU-дың академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл қонақтарға арнайы дайындалған презентацияны көрсетіп, университетпен және оның қысқа уақытта жеткен жетістіктерімен таныстырды. «Біз канадалық университеттермен қос дипломдық бағдарламалар, студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуы саласында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отырмыз. Сондай-ақ біз канадалық және жергілікті оқу орындарымен үш жақты серіктестік аясында бірге жұмыс істей аламыз», — деді ол.
Канадалық университеттер өкілдері көмекші роботтарды жасау, таза энергия, білім беруді трансформациялау, егіншілікке арналған жерді қалпына келтіру, регенеративті ауыл шаруашылығы, мәдени мұраны сақтау, археология және т.б. сияқты бірқатар сала бойынша ғылыми ынтымақтастық орнату перспективаларын атап өтті.
«The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ» ҚҚ өкілі Стюарт Макилмойл «Біз осы сапар кезінде Ұлытау облысына және онда жаңа университет құру мәселесіне баса назар аударылатынын түсініп отырмыз. Алайда басқа салаларда да бірге жұмыс істеуге едәуір мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін. Жаңа университетке шетелдік оқу орындарымен қатар, қазақстандық оқу орындарының да қолдауы қажет. Біз үшін дизайн жағынан да, ішін толтыру жағынан да ақыл-кеңес айта алатын тәжірибесі мол қазақстандық университеттердің қолдауы маңызды», — деді.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025